Еркеш Шәкеев ұлы туралы айтып, жұртты бір-бірлерін бағалауға шақырды

Жұма, 29 Шілде , 2016 13:08

Шілденің 29-ы күні Сафар Шәкеевтің туысқандары оны жер қойнынан тапсырды. Қаралы хабарды естіген жұрт Қазақконцерт залына жиналды. Қоштасу рәсіміне барша туысқаны мен досы, қазақстандық жұлдыздар мен ұстаздары келді. Рәсім барысында олар Сафар туралы естеліктерін бөлісіп, ата-анасы мен қарындастарына көңіл айтты. Олардың қатарында Сәкен Майғазиев, Нағима Есқалиева, Әли Оқапов, Диас Аблаев, Ерлан Біләл сынды танымал адамдар болды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Қазақконцерт залында Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі өтті. Жиналған қауым оның ата-анасы мен бауырларына көңіл айтты. Достары оның жақсы қасиеттерін жіпке тізіп, әкесі барлық жетістігін айтып берді.

Достарының атынан сөйлеген Ғалымжан көпке дейін көз жасын тия алмай, сахна ортасында тұрды. Артынша өзін-өзі қолға алып, Сафар екеуінің басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді.

“Маған Сафардың дос болып, онымен жақынырақ араласу құрметі бұйырды. Өте әділетті адам болатын. Өзі танымайтын адамдар үшін де басын қатерге тігетін. Бір күні дәмханада отырған едік, көп жігіт бір адамға жабылып жатты. Сафар еш ойланбастан, әлгі жігітке көмекке барды. Бұл оның ер мінезді екенін байқатады. Ол экология туралы ролик түсіріп, еліміздегі тазалық үшін күресті. Оның жанында жүріп-ақ осы жақсы қасиеттерді бойыңа сіңіруіңе болады. Сафар, сен әрдайым біздің есімізде боласың”, – дейді Ғалымжан.

Сафар 8 жыл Америкада білім алған. Артынша режиссер мамандығы бойынша білім алмақ болады. Алайда бұл салада оқу үшін 3 жыл тәжірибе керек болғандықтан, елге қайтады. Елге келе салысымен оны Технодом дректоры Эдуард Ким жұмысқа шақырып, тәжірибесі болмаса да, бірге жұмыс істегісі келетінін айтады.

“Дәл қазір сөйлеуге қиналып тұрмын. Көп адам оны Еркештің ұлы ретінде ғана біледі. Ал шығармашылығынан мүлдем бейхабар. Ол кино режиссер саласын таңдап, Америкада 8 жыл бойы білім алды. Калифорниядағы беделді университетті үздік бағамен тәмамдады.

Біз өзіміздің қазақ екенімізді шетелде жүргенде жақсы сезінеміз. Сыртта жүріп қазақтарды жолықтырсақ екен дейміз. Өстіп жүргенде Еркеш мені өз ұлымен таныстырды. Америкаға бара қалсам мен оны қонаққа шақыратынмын. Екеуіміздің үйлеріміз қатар тұрды десек те болады. Кейін оның Алматыға келгенін біле сала жұмысқа шақырдым. Технодомның креативтік директоры ретінде тағайындадым.

Тәжірибесі жоқ болса да, бойында таланты тұнып тұрғанын сезетінмін. Сафар секілді адамдар 100 мыңның ішінде бір-ақ рет дүниеге келеді. Күтпеген жерден оның өмірі үзілді. Мен мұның тағдыр екеніне сенбеймін. Біздің балаларымызбен бұлай болмауы тиіс”, – дейді Эдуард Ким.

Сафар аталған компанияда жүріп патриоттық ролик түсірген. Аталған ролик Youtube видеолар желісінде кеңінен танымал болып, қазақстандықтардың жүрегін жаулаған. Видеоның соңына Сафар “Табиғатымызды аялайық, Қазақстанды жақсы көрейік” деп жазған екен. Мұнымен қатар, Сафар спорт саласында да көптеген жетістіктерге жеткен екен. Бұл туралы әкесі мен Азия каратэ федерациясының өкілі Жасталап Санаұлы кеңінен айтып берді.

2001 жылы Америкада каратэден өткен сайыста әлем чемпионы; 2006 жылы Лас-Вегаста каратэден өткен сайыстың қола жүлдегері; 2006 жылы Алматыда жүзуден өткен жарыстың бас жүлде иегері; 2007 жылы бокстан өткен Арнольд Шварцнегер кубогының иегері; 2008 жылы Каламбусте каратэден өткен Арнольд Шварцнегер кубогының иегері; 2009 жылы Сан-Францискода еркін жекпе-жектен өткен сайыстың қола жүлдегері;

2012 жылы Солтүстік Америкада өткен Джу-джитсу сайысының қола жүлдегері; 2013 жылы Калифорнияда джу-джитсудан өткен сайыстың қола жүлдегері. Мұнымен қатар, Сафар Шәкеев Афина спартандық мектебінде оқыған. Аталған мектепті тәмамдаған соң 21 күн бойы шөлді аймақта өмір сүруіне тура келген. Соның ішінде 10 күнде 5 000 калория ғана тамақ ішіп, жалғыз өзі жүруге мәжбүр болған. Сан-Франциско мектебінде  оқып жүріп жасаған жобасы үшін “Ең үздік қысқа метражды” фильм аталымын жеңіп алған.

“Кез келген ата-ана баласын өмірінен артық жақсы көреді. Тіпті оны асыра сілтеп мақтап жіберулері де мүмкін. Бірақ адами қасиеттерін менің емес, оның айналасындағы адамдардан естідіңіздер. Ол расымен де ерекше бала еді. Бірде-бір рет жерге түкіргенін көрген емеспін. Нанын адал жолмен ғана тауып жейтін. Біз бар болғаны оның жақсы жерлерде білім алып, спорттық мансабын жалғастыруға жағдай жасап отырдық. Тіл үйретіп, үлкен өмірге дайындауға тырыстым.

Оны іздеуге көмектескен адамдардың барлығына рахмет! Біз секілді жарым түнде сүрініп-жығылып, бізбен бірге жүрді. Тәулігіне 1,5 сағат қана ұйықтады. Сафар – менің ғана емес, халықтың ұлы. Біз еш уақытта бөлінбеуіміз керек. Бұл өмірде махаббаттан артық ешнәрсе жоқ. Қалғанының барлығы бос дүние. Осы күнге дейін бірде-бір адамға жамандық жасап көрмедім. Бұл отбасымыздың ұстанымы.

Көзім тірі тұрғанда балаларымнан айырылып қалудан қатты қорқатын едім. Адал өмір сүргенім соншалық, осы нәрсе мені айналып өтсе деген үмітте болдым. Өзіме келген дүниені қасқайып тұрып қабылдаймын. Мені ешнәрсе де сындыра алмайды.

Сөздің шыны керек, Сафар өзі бармауы тиіс жерге мезгілсіз уақытта барып қалды. Сондықтан ата-аналарға балаларыңызды тек жақсы адамдармен араластырыңыздар дегім келеді. Ал Сафардың достары – алтын. Элтон Джонның ақындарымен бірігіп ән жазып жатыр едік. Дәл қазір мұның мәні қалмады. Тура жолдан адаспайық. Сіздерден жалынып сұраймын бір-бірлеріңізді бағалаңыздар. Негативті адамдармен араласпаңыздар. Ал мен әзірге Сафармен қоштаспаймын. Оған айтар әңгімем көп, әлі көп сауалдың жауабын алып, көп нәрсенің нүктесін қоюым керек”, – дейді Еркеш Шәкеев.

Қоштасу рәсімінің соңында Сафардың мектептегі ұстазы Гамаев Вадим сөз сөйлеп, әкесіне ұлының мектеп архивінде  сақталған суретін табыстады. Барша жиналған жұрт тік тұрып, намаз оқып, ұлдарын ақтық сапарға шығарып салды.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Ал денесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.


Жіберіп алмаңыз:

Достары: Сафар Шәкеев өте мейірімді жан болды (фото)

Мамандар Сафар Шәкеевтің денесін осыған дейін таппаған себебін айтты

Еліміздегі барлық дін өкілдері Сафар Шәкеевке арнап дұға оқыды

Сафар Шәкеевке ұқсайтын жігітті 3 күн бұрын көрген куәгер табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар