Еліміздегі барлық дін өкілдері Сафар Шәкеевке арнап дұға оқыды

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 12:36

Бүгін Қазақстандағы барша мешіт пен шіркеуде, шетелдегі будда ғибадатханаларында Сафар Шәкеев аман-есен үйіне оралсын деген ниетпен дұға-тілектер оқылды. Мұнымен қатар, Сафардың туған қарындасы халықты өздерін қолдауға шақырып, қандай да бір ақпарат білетіндерден өзіне хабарласуын өтінді.

image

Фото: instagram.com/milka_koda/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстан аумағында орналасқан мешіттер мен шіркеулердегі дін өкілдері Сафардың отбасына аман-есен оралуын тілеп, дұға-тілектері арқылы оның барлық туысқанына қолдау білдірді. Тіпті, шетелдегі будда ғибадатханаларында да Грин Тара сынды арнайы дұғалар оқылған екен.

“Бүгін Қазақстандағы барша мешітте мұсылмандар 16 шілде күні із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевке арнап дұға жасады. Құранда адамның басына іс түссе, Алладан қалағаныңды дұға ету арқылы сұрауың керектігі туралы айтылады. Бұдан өзге Қазақстандағы православие дінін ұсытанушылар Митрополит Александрдың бастауымен Қазақстандағы шіркеулерде Сафар үйіне аман-есен оралсын деген ниетпен Құдайға сиынды.

Мұнымен қатар, Маклауд Ганчтегі Далай Лама будда шіркеуінде де Сафар Шәкеев үйіне аман-есен оралсын деген ниетпен барша сопы Грин Тара дұғасын оқыды. Біз қандай да бір діндегі адамдарды Сафардың отбасына қолдау көрсетіп, дұға жасауға шақырамыз. Отбасыларыңызға береке мен амандық тілеймін! Жаратқан сіз бен жақындарыңызды қорғап жүрсін!” – дейді Сафардың туған қарындасы Меруерт Шәкеева.

Еркеш Шәкеевтің төрт баласы бар. Сафар – отбасының тұла бойы тұңғышы. Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған.

Егер оны көргендер болса, онда мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 8 (747) 626-48-54, 8 (775) 478-87-71. Сонымен қатар 16 шілде күні таңғы 6-дан 9-ға дейін Әл-Фараби даңғылы Есентай өзені қасынан өткен көліктердің бейнетіркегішіндегі жазбалар да қажет.


Жіберіп алмаңыз:

Сафар Шәкеевке ұқсайтын жігітті 3 күн бұрын көрген куәгер табылды

Еркеш Шәкеев ұлының жоғалуына байланысты мәлімдеме жасады

Экс-министр Зейнолла Кәкімжанов Еркеш Шәкеевтің ұлын іздестіру жұмыстарына атсалысуда

Тоқаев Сафар Шәкеевтің тезірек табылуына тілектестігін білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар