Еркеш Шәкеев ұлының жоғалуына байланысты мәлімдеме жасады

Жұма, 22 Шілде , 2016 19:08

Танымал компазитор Еркеш Шәкеев ұлы Сафар Шәкеевтің жоғалып кетуіне байланысты мәлімдеме жасады.

b2a110ce171da50b12da8cbcaaa8fabc-og

Фото: forbes.kz

“Мен бүкіл өмірімді өнерге және адамдарға арнадым және әркез менің бұл ісім әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге септігін тигізеді деп үміттендім. Өкінішке орай біздің отбасымызға да қиындық келіп тірелді. Әке ретінде, кім де кім менің ұлымды күштеп ұстап отырса немесе қайда екенін білетін болса, жіберулерін және хабарлауын өтініп сұраймын. Оны босатыңыздаршы. Бұл адамдардың қандай да бір жауапқа тартылмауы үшін барлық шараны жасауға уәде беремін”, – деп мәлімдеді Еркеш Шәкеев.

Бұл туралы Сафар Шәкеевті іздеу тобының ұйымдастырушыларының бірі Виктория Моминбаева Фейсбуктағы парақшасында жазды. 

photo_190783

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған.

Егер оны көргендер болса, онда мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 8 (747) 626-48-54, 8 (775) 478-87-71. Сонымен қатар 16 шілде күні таңғы 6-дан 9-ға дейін Әл-Фараби даңғылы Есентай өзені қасынан өткен көліктердің бейнетіркегішіндегі жазбалар да қажет.

Сафар Шәкеев жоғалған уақыттан бері полицейлер, достары және еріктілер іздеу шараларын қарқынды жүргізіп, мыңнан астам адамнан сұрау алынды. Бейнебақылау камералары мен әуеден түсірілген жазбалар қаралды. Қаланың барлық тұсына хабарландырулар ілініп. Олардың ішінде вокзал, қоғамдық көліктер секілді маңызды орындар да бар.

Ремизовка аумағы бірнеше мәрте тексеріліп, мұқият қаралды. Сол төңіректегі бос жатқан аумақ пен құдықтар, өзен мен жолдың бойы түгелдей тінтілді. Тіпті эсктрасенстер көмегіне де жүгінген.

Сондай-ақ, Сафар Шәкеевті іздестіруші топ оның ұялы телефоны табылғаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

16
Комментариев
  • Анонимно says:

    Экстрасенс поисковик керек дəл координатасын корсетеді

  • Сара says:

    Аман болсыншы қазағымның баласы! Үи ішің сені күтіп отыр!

  • Анонимно says:

    Аман болса ,екен өзі!

  • Асем says:

    Ай Аллам, озин колдайгор, аман есен ата анасына оралсын. Бир тлеумиз сол гана.

  • Жұмбақ жан says:

    Қайдасың, Сафар? Жақындарың мен қазақстандықтар сені күтуде!
    Тез орал!

  • Жұмбақ жан says:

    Табылса екен!

  • Анонимно says:

    Алла табылса екен мына бала аумин Аман есен ата арнасынын касына оралсыншы

  • Анонимно says:

    Аман есен отбасына оралсын деп тілеймін

  • Жұмбақ жан says:

    Аллам бір озіне жар бола кор ата анасы алдына аман есен оралсын.Аумин.

  • Нара says:

    Кудайым ай табылса екен аман есен

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар