Экс-министр Зейнолла Кәкімжанов Еркеш Шәкеевтің ұлын іздестіру жұмыстарына атсалысуда

Жексенбі, 17 Шілде , 2016 21:38

Бұрынғы ҚР Қаржы министрі Зейнолла Кәкімжанов Алматыда өзінің досы – танымал композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафарды іздеу жұмыстарына белсене кірісті, деп хабарлайды Қазақпарат.

20160717194039

25 жастағы жігіт 16 шілдеде таңғы 7-де із-түзсіз жоғалып кеткен.

Facebook-тегі парақшасында Зейнолла Кәкімжанов: «Біз Әл-Фараби-Сейфуллин қиылысынан Ремизовкаға дейінгі бөлікті шолып өтпекпіз. Кейбір ақпараттарға сәйкес, Сафар сол маңайда адам көп жүрмейтін жерде жатуы ықтимал. Осы хабарламаны көрген азаматтар сол жерге жиналыңыздар. Барлық бұрыш-бұрышты тінтетін боламыз. Хабарлама таратудың осы түрін таңдағанымыз үшін кешірім етіңіздер, бізде қазір басқа таңдау жоқ», – деген хабар таратты.

Кәкімжановтың сөзіне қарағанда, Сафар Шәкеев 16 шілде күні сағат 7-лерде әріптестерімен бірге болған отырыстан үйіне қайтып бара жатқан. Оны Әл-Фарабидегі бизнес-орталыққа дейін жеткізіп салған. Ары қарай Ремизовкаға дейін ол үйіне жаяу кеткен.

«16 шілдеде таңертең 7-лерде Алматының аталған ауданында мүмкін біреу сұңғақ бойлы (188-190 см), сымбатты, денесі шымыр, қызғылт жейдеде және көк джинсыдағы жас жігітті көрген шығар», – дейді Кәкімжанов.

Оның ақпараты бойынша, Шәкеевтің ұлы Голливудтың кино мектебін тәмамдаған. Киномен айналысады.

Сафарды көрген азаматтар болса, мына нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Нара says:

    Мына заман не болып барады, кунде адам жогалу. Аллах отбасына аман есен кауыштырса екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар