Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа Гога Ашкенази: 26 жастағы қазақстандық миллионер қыздың өмірі желі оқырмандарын шошытты (фото)

Ирада Рамаданова Instagram желісіндегі парақшасына құны бірнеше миллион тұратын сөмкелері мен ресейлік эстрада жұлдыздарымен бірге өткізген салтанатты кештердің суреттерін жариялап, оқырмандарын шошытып алды.

cc10cdc176c6f94def82205f502e08ba__1440x

Отандастары Ирада Рамаданованы танымал кәсіпкер әйел Гога Ашкеназимен салыстырады. Оған себеп – екеуінің сырт келбеттері қатты ұқсайды және екеуі де бірдей қымбат сөмкелер мен гаухар тасты бұйымдарға құмар.

0eee42a3138f2b0dc241d14d6f09a720__980x

Ираданың аксессуарлар топтамасына тәжік ханшайымы Мадина Шокирова мен әнші Жасминнің өзі қызыға қарайды. Ал киім салатын шкаф сөрелері әрқайсысы 4 миллион рубльдан тұратын қолтырауын терісінен жасалған Hermes Birkin сөмкелеріне толып тұр. Олардың көптігі соншалық, сөрелер құлап кетудің аз-ақ алдында. Ирада парақшасына жүктеген Hermes пен Chanel аксессуарларының жалпы құны шамамен 70 миллион рубльге бағаланып отыр.

2dd5589ebe02c6532d1789349b6f8b0a__980x

Ал қымбат Erwin мейрамханасы мен орталық дүкенге шығыс ханшайымы қызыл түсті спорттық Ferrari (құны 16 миллион рубль) немесе Mercedes Gelandewagen (14 миллион рубль) автокөлігімен барады.

be5317a4aa55a663bd5bedfc9854687f__980x

45d890dcc474c4c00926c07452fd0455__980x

Ал өзінің 26 жастағы туған күнін Рамаданова Мәскеуде дүркіретіп атап өтті. Оның туған күніне Ресейдің танымал жұлдыздары Филипп Киркоров, Николай Басков, Валерий Меладзе мен “ВИА Гра” тобы қатысқан. Кеш барысында туған күн иесі екі киім ауыстырыпты.

6fb8843d4512b54d058bb2b0c1be4f23__980x

Ал оның өмірін Instagram желісінде 250 мың оқырман бақылап отыр.

Күнге күйіну үшін бойжеткен ай сайын дерлік Дубайға өзінің жеке ұшағымен аттанады. Ривьераның жағалауын миллионер бойжеткен яхтамен тамашалайды. Ал Рамаданованың достары мүлдем аз. Оның ең жақын құрбылары – Виктория Лопырева мен дүниеден озып кеткен Платон Лебедевтің қызы Диана болған.

5e6936590c384cdc7998fbd9cdf43295__980xaad5604347d21588c101129bcf53b9a6__980xbdcaf734a3312e3b1c0523ea9d3d0241__980xc2ed67695d2d54661fa745f721d87726__980x7a45660378566e14f64ecba303f4db6f__980x52da9f832f2f9508604eefb9b342d723__980x58bc75abe3709de4445005e408318743__980x74fd1c6f81c647f5b1afe42bbe11b5b6__980x827a1007ebd80ebee527710d439203de__980x8973ac1cc86f88a0f921909d29869a47__980x

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандағы ең сұлу тұрмыстағы келіншектер (фото)

Мультфильм кейіпкерлерінен аумайтын адамдар (фото)

Үндістандық миллионер әкесі жоқ 200-ден астам қыздың тойын ұйымдастырып берді (фото)

Студент қыз қараусыз қалған 93 жастағы әжесін өзінің жатақханасына көшіріп алған (фото)

 

Талқылау