Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астрологтар мен нумерологтар 2017 жылда қандай өзгерістер күтіп тұрғанын хабарлады

Астрологтар мен нумерологтар жаңа жылда адамдардың өзіне сенімді болып, өзі үшін жақсы дүниеден бас тартпау керектігін айтады. Олар 2017 жыл – жоспарларды жүзеге асыру үшін таптырмас уақыт дейді.

13695240

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Біз шығарып салғалы отырған жыл тосын оқиғаларға толы болды. Түрлі соғыстар мен апаттар орын алды. Әрине, келесі жылы ондай оқыс дүниелердің болмауын кім-кім болсын тілейді. Ал нумерологтардың айтуынша, келесі жылы жаңа цикл есік ашпақ. Демек, тауық жылы барынша жайлы болып, соғыс пен экономикалық қиындықтар төнбейді.

“Жүзеге асырамыз, тырысып көреміз. Жоспарларды орындау үшін бұл тамаша сәт. Оның үстіне тауық та бір орында отырмайтын тынымсыз ғой. Сол сияқты барынша белсенді болу керек”, – дейді нумеролог Илона Берешкова.

Келесі жылдың белсенді өтетініне де астролог Станислав Бояркин де сенімді. Ал халықаралық аренадағы келіспеушіліктер біртіндеп әлсіреп, тұрақтылық орнай бастайды. Ал банк жүйесін бірқатар өзгерістер күтіп тұрғанға ұқсайды.

“Көктемде банк жүйесі өзгермек. Сондай-ақ, бизнес үшін де табысты уақыт. Шығармашылық адамдар үшін де таптырмас мүмкіндіктер кезеңі ашылады”, – дейді астролог Станислав Бояркин.

Бұл жылы музыканттар, әртістер және суретшілер де өздерін жайлы сезінеді. Олардың мақсаттары да орындалып, армандарына қол жеткізбек.

Оқи отырыңыз:

Орны толмас шығын: 2016 жылы қайтыс болған танымал адамдар

Жаңа Гога Ашкенази: 26 жастағы қазақстандық миллионер қыздың өмірі желі оқырмандарын шошытты (фото)

Қазақстан депутаттары заң талқылаудың орнына бұғылар туралы видео көріп отырған (видео)

2016 жылы шоу-бизнесте болған атышулы 5 оқиға

Талқылау