Шымкенттік әже тұрмысы төмен балаларды оқуға түсіріп қайырымдылықпен айналысады

Дүйсенбі, 12 Желтоқсан , 2016 14:14

Зейнет жасына шыққаннан кейін өзін қарттардың санатына қосып, үйден ұзап шыға алмай қалатын жандар жетерлік.

dusiya

Керісінше  қартайдым деп  қарап отырмай, өзіне айналысатын жұмыс тауып алып, анда-мында шапқылап тыным таппайтын адамдарды да  кездестіруге болады, деп жазады Замана газеті.

Шымкенттік Дуся Нұрмашева сексеннің сеңгіріне шықса да, қол қусырып қарап отырған емес. Ол кісі зейнеткерлікке шыққаннан кейін қайырымдылықпен айналысуды қолға алыпты. Таяуда бізге Дуся апамен әңгімелесудің сәті түскен еді.

dusya

– Дуся апа, қанша жасыңызда күйеуге шықтыңыз?  Қандай келін болдыңыз?

– Мен институтта ІІ курста оқып жүргенімде 19 жасымда күйеуге шықтым. Сөйтіп оқу бітіргенше бір қыз, бір ұл таптым. Күйеуім Бәйдібек ауданының жігіті еді. Оқу бітірген соң ауылға бардық. Технологиялық институтты бітіргенмін, ауылда ондай мамандық жоқ, біраз  уақыт бала тәрбиесімен үйде отыруыма тура келді. Негізі табиғатымнан бір жерде отыра алмайтын, екінші, үшінші орында болу дегенді білмейтін адаммын. Мен тек бірінші болып, алда жүруім керек. Үйде отыра беріп ішім пысып кетті. Сөйтіп мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істейтін бір туысымызға жағдайымды айттым. Ол дипломымды көріп: «Химиядан кілең бестікпен оқыпсың ғой, мектепте химия пәнінен сабақ берсейші», – деп мені мұғалім етіп жұмысқа кіргізді. Мамандығым мұғалім болмағаннан кейін оқушылардың обалына қалмайын деп әлгі кісіні күніге сабағыма қатыстырамын. Сондағы мақсатым сабақ өткенде жіберген кемшіліктерімді айтып, мінімді түзетсін деген ой ғой. Жаман мұғалім болған жоқпын, менің оқытқан оқушыларым олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып  жатты.

Үйде бес ұл, бір қызым, күйеуім, қайынағам мен абысыным бар. Олардың бәрі маған бастық. Сол бастықтардан сытылып шығып, жұмысқа барамын. Үйге келгенде әйелдік, аналық, келіндік міндетімді де ұмытпаймын. Әкесі жұмыстан келгенше балаларымның тамағын беріп, сабақтарын оқытып, бөлмелеріне кіргізіп жіберемін. Күйеуім жұмыстан келгенде үй тып-тыныш болып тұрады. Ол: «Балалар көрінбейді ғой, қайда?» – деп сұрайды. «Оларды неғыласың? Тыныштықпен тамағыңды ішіп алсайшы», – деймін. Жаман тәрбие бермеген екенмін деймін, бүгінде балаларымның бәрі өмірден өз орындарын тауып, қызметтерін адал атқарып жүр. 22 немере, 8 шөбере сүйіп отырмын. Өзім болсам 37 жыл мұғалім болып, зейнетке шықтым.

– Апа, атыңызды неге орысша қойған?

– Ата-анамның маған дейінгі перзенттері тұрмай шетінеп кете беріпті. Содан жаңылсын, адассын деп атымды осылай атай сал­ған екен.

– Бір сөзіңізде жұмысыңыздың көптігін айтып қалдыңыз. Қандай іспен айналысып жүрсіз?

– Жұмысым көп дегенде мен бір қызмет бабымен жүрген жоқпын. Туыс-тумалардың, жақын-жуық аға­йындардың кейбір шаруаларына ақыл қосып, үлкендігімді айтып дегендей жәрдем беремін. Бір немере қызым тұрмысы төмен отбасылардың балаларын оқытумен айналысады. Сол қызым: «Апа, мына отбасыға көмек керек болып жатыр», – десе, оған қаржылай көмек беремін. Қысқасы, біреуге көмегім тисе екен деп тыным таппай жүгіріп жүремін. Жаяу жүрмесін деп ұлдарым джип әперіп, оған жүргізуші жалдап қойған.

– Қайырымдылықпен де айналысады екенсіз…

– Иә.  Бизнеспен айналысатын ұлым біраз жылдан бері №3 балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетеді. Оны жария етіп ешкімге айтқан емес. Балаларды алып жүретін микроавтобус әперді, ғимараттарына қосалқы бөлмелер қосып берген. Содан соң ұл балаларды сүндетке отырғызып, қаладағы барлық ірі-ірі мекеме қызметкерлерін шақырып, үлкен той жасап беретін. Бірақ ондай істерді ол өзін көрсетпей істегенді дұрыс көреді. Балам бара қоймаған соң балалар үйінің басшысы мені шақырып, сүндет тойға қатысқаным бар. Содан бастап мен де балалар үйіне жиі-жиі барып, қолдан келген жәрдемімді беріп тұрамын. Енді «Бөбектер үйіне» жәрдем беруді бастайын деп отырмын. Себебі ондағы балалар өте кішкентай екен.

– Келіндеріңіздің ішінде өзіңізге тартқаны бар ма?

– Жаманы жоқ, бәрі жақсы. Дегенмен білмегенін үйретіп, тәрбиелеуге тура келгендері де кездесті.  Ең кіші келінімді өзімнің нағашы жұртымнан әпердім. Себебі кенже ұлым көпке дейін қыз таңдап, үйленбей жүріп алды. Мен еш­уақытта келіннің сыртынан сөйлеген адам емеспін. Сосын бұл кеше сөйткен, бүгін бүйткен деп келіндерімнің бойынан кемшілік іздеп, оны тізбектемеймін. Бәле іздемеймін. Айтатынымды өзіне:  «Ұрыссам сенің пайдаң, сыртыңнан жамандап жүрген жоқпын, бетіңе тура айтып отырмын, ертең апам маған сөйледі деп біреуге айтып жүрме», – деп өзіне тіке айтамын.  Өкпе-реніш, болған жағдай сол жерде қалып кетеді. Әрі қарай жайылмайды. Шүкір, осындай тәрбиенің арқасы шығар, қазір бес келінім бір-бірімен тату-тәтті тұрады. Өздері  бас қосып «гәп» ойнайтындары бар. Одан Алматыда тұратын келінім алыста болғасын сырт­тап қалып жүр.

– Рахмет, апа!

Дуся апа қарбалас жұмыс­тарының арасынан өзінің денсаулығына көңіл бөлуді де ұмытпайды екен. Ол кісі бізге артық салмақтан арылу үшін бір жарым айдан бері ұлының шипажайында демалып, ем алып жатқанын айтты. Біз апаға ұзақ ғұмыр тіледік.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да 19 жастағы жігіт мүгедектігіне қарамастан жеке бизнесін жүргізіп отыр

Қайырымды жастар 12 млн жинап берген Жәнелдің отасы сәтті өтті

«Қазақстан Аруы-2016» ақшалай сыйақының жартысын қайырымдылыққа жұмсамақ

Нобель сыйлығының иегері 1 миллион долларды қайырымдылыққа жұмсап жіберді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар