Оқушы ақша толы әмиян тауып алып, иесіне қайтарып берді
Ұлыбританияда 13 жасар оқушы көшеден ақша толы әмиян тауып алып, иесіне қайтарып береді. Ол ақша тауып алғанын хабарлаған сәттен 5 адам келіп ақшаны иемденіп алмақшы болған. Бірақ қыз алданбаған.
Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
Орта мектеп оқушысы Кейтлин Джеффри көшеде жүргенінде 1 миллион теңгеден (1,5 мың еуро) аса ақша және ер адамның суреті салынған әмиян тауып алған.
Кейін бұл әмиян 80 жастағы мылқау, саңыру Деннис Клатвортиге тиесілі болып шықты.
Ол затты жақын жердегі дүкенге апарып тапсырып, полицияға хабарлаған. Қыз желідегі парақшсында тауып алған сурет пен жазба қалдырды.
Содан кейін қызға 5 адам бұл заттың өздерінікі екенін айтып хабарласқан. Бірақ қыз олардың сөзіне сенбеген.
Желіден суреттегі ер адамның көршісі көріп қалды. Ол бұл туралы зейнеткердің ұлы Маркке айтқан.
Кейін олар әмиянды тауып алғаны үшін Кейтлинге 50 еуро берген.
Тағы оқыңыз:
Аспаз блендер орнына ауызын, пышақ орнына тісін пайдаланды (видео)
Дубайда миллион доллар тұратын шоколадтан жасалған қалыңдық кейпінтегі торт жасады
Ғалымдар жер бетіндегі 280 адам ғана сөйлейтін белгісіз тіл тапты
Мектеп маңында жүрген аш қабанды оқушылардың ата-аналары видеоға түсіріп алған