Оқушылар екінші тоқсанда мектептен оқи ма? Алматы әкімі жауап берді
Екінші тоқсанда балалар мектепке орала ма? Алматы қаласының тұрғыны қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа осылай деп сұрақ қойды. Әкім Алматы телеарнасындағы тікелей эфир кезінде жауап берді.
«Балалар да үйде отырудан жалықты және олар бір-бірімен сөйлескілері келеді. Сыныптағы білімді қашықтықтан оқытумен салыстыруға болмайды. Біз бірінші тоқсанда оқушылардың үлгерімін көрмедік. Мектепке барып оқығаны жақсы, бұл үшін жағдай тыныш болуы керек», - деп жауап берді Сағынтаев.
Әкімнің айтуынша, 1 қыркүйектен бастап Алматыда 58 мектеп оқушысы ауырған. Олардың үшеуі басқа қалалардың тұрғындары болып шықты. Олар ПТР сынамасын жергілікті әуежайда тапсырғандықтан Алматының статистикасына кірді. Тек осы бір айдың ішінде аталған 58 оқушының 40-ы тағы ауырып қалды.
«Барлығының қашықтықтан оқитыны жақсы. Мектепте олар инфекция жұқтырады. Отбасында ата-анасынан жұқтыруы мүмкін. Кейбірі аулада ойнайды. Ал егер олар мектепте оқыса не болады? Біз бүкіл мектепті карантинге жабар едік. Барлығы мектеп пен балабақшаға барғысы келеді, бірақ жағдай оған мүмкіндік бермейді», - деді әкім.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
