Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға хабарласып, мұғалім ретінде таныстырады: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Фото: Видеодан скрин

Қазақстанда алаяқтықтың тағы бі түрі пайда болды. Енді қылмыскерлер кәмелетке толмағандарға қоңырау шалып, өздерін мұғалім ретінде таныстырады. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды барынша сақ болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алаяқтар электрондық күнделік қайта шығарылуда деген сылтаумен хабарласады. Сенімге кірген соң, SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Осылайша олар мемлекеттік қызметтерге, онлайн-банкингке және туыстарының банк шоттарына қол жеткізеді. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жеке деректерді ешқашан бөгде адамдарға бермеуді ескертеді.

“Ата-аналар баласына мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері ешқашан SMS кодтарын немесе банк карталарының деректерін сұрамайтынын түсіндіру керек. Телефонға ата-ана бақылауын орнатып, белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауларды қадағалау қажет. Сонымен қатар балаңызбен сенімді қарым-қатынас орнатып, ол мұндай жағдайларды жасырмай айтып беруден қорықпайтындай жағдай жасаған жөн”, – дейді Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының басшысы Ләззат Есмұханова. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 20 Қыркүйек, 2025 09:28
Талқылау