Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға екпені шатастырып салып жіберген: Денсаулық сақтау министрі Ақтөбедегі жағдайды бақылауына алды

Ақтөбеде 42 оқушыға манту екпесінің орнына БЦЖ салып жіберген соң денсаулық сақтау министрлігінің арнайы комиссиясы келді. Балаларды республикалық медициналық орталықтардың жетекші мамандары қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

комиссия

Делегацияны денсаулық сақтау вице-министрі – елдің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова бастады. Комиссия мүшелері зардап шеккен оқушылардың ата-анасымен кездесті.

"Жағдай денсаулық сақтау министрінің жеке бақылауында. Қызметтік тексеріс басталып, комиссия құрылды. Эпидемиологиялық тергеу нәтижесі бойынша және сарапшылар қорытындысына сәйкес қызметкерлерді жауапқа тарту туралы шешім қабылданады. Балалардың барлығы бақылауда", – деді Айжан Есмағамбетова. 

Қазір манту екпесінің орнына БЦЖ салынған 42 оқушының жағдайы жақсы. Олар сабаққа қатысып, медициналық тексерістен өтіп жатыр. 


Ақтөбеде екпені шатастырып салып жіберген медбикенің үстінен қылмыстық іс қозғалды


"Оларды Ақтөбеге келген республикалық ұлттық фтизопульмонология ортылығының және педиатрия мен балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандары қарады", – делінген әкімдік хабарламасында. 

Қазір жағдайды Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жеке бақылауына алған. Аймақ басшысының тапсырмасымен мектепті мемлекеттік емхананың қарауына берген. Мектептегі оқушылардың жағдайын тұрақты түрде бақылау үшін екі ай бойы қаланың үздік педиатрлары кезекшілік етеді. 

Еске салайық, Ақтөбе облысы Рауан ауылындағы орта мектепте 1-сыныпта оқитын қырық балаға манту сынамасының орнына басқа вакцина егілгені туралы хабарлаған едік. Соның кесерінен бүлдіршіндердің білегі іріңдеп, терісі тесілген.

Талқылау