Оқушыларға арналған 990 теңгелік тарифтің қашан қосылатыны белгілі болды

Оқушыларға арналған 990 теңгелік тарифтің қашан қосылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында "Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов оқу жылы басталған кезде тариф қолжетімді болатынын айтты.  

"Алдыңғы қатарлы ұялы операторлар 990 теңгелік "Білім" тарифын жасап шығарды. Ол жылдың басынан бастап барлығына қолжетімд болады. Бұл тарифтен білім платформаларына кіру үшін мегабайт кетпейтін болады", - дейді 

Сонымен қатар, платформа басшыларының бірі Якунен Владилен платформалар қаншалықты сапалы болғанымен, интернет нашар болса, сабақ оқу қиындайды дейді ол. 

"Егер оқушылар мен мұғалімдерде интернет жылдамдығы жоғары болатын болса, сабақтың өту сапасы да жақсара түспек. Бірақ біздің жүйелеріміз интернетің сапасы нашар болса да істейтін болады. Осы тұрғыда провайдерлерге интернетпен қамту мәселесін шешсе деп ұсыныс айтқым келеді", - деді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр