Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оқушы сыныптас қызды соққыға жыққан": Желідегілерді шошытқан видео Қазақстанда түсірілмеген болып шықты

Оқушы сыныптас қызды соққыға жыққаг

Фото: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы

Желіде мектеп оқушысының сыныптас қызды соққыға жыққан видеосы тарады. Видео авторы оқиға Қазақстанның қай мектебінде болғанын сұрап пікір қалдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Интернеттің қазақстандық сегментіндегі әлеуметтік желілерде мектеп оқушысының сыныптасын ұрып-соғу әрекетін жасап жатқан видеосы таралуда. Жазба авторы желі аудиториясын автоматты түрде шатастырып, "Бұл Қазақстанның қай мектебінде болған жағдай" деп әдейі сұрақ қойып, деструктивті дискурсқа тарту арқылы жалған ақпарат таратқан", – деп мәлімдеді жалған ақпаратпен күрес орталығы.

Түпнұсқаны зерделеу нәтижелері бірнеше мән-жайларды анықталған:

- видеода мектеп қабырғасына ілулі тұрған Қырғыз Республикасының мемлекеттік елтаңбасы анық көрініп тұр;

- Қырғыз Республикасының БАҚ жасаған мониторинг нәтижесінде, оқиға 24 қыркүйек күні Қырғыз Республикасы Қаракол қаласы №2 мектепте орын алғаны нақтыланды. Бұл туралы орталыққа ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеді.

Осылайша, жазба әдейі манипуляция және "күн тәртібін трансфер" әдісін қолдану болып отыр. Елдің сыртында болып жатқан жағымсыз оқиғалар жергілікті контекстке мақсатты түрде таратылған. Ол:

- мемлекеттік органдарға және білім беру жүйесіне деген сенімді бұзу;

- қоғам ішінде жалған дағдарыс сезімін қалыптастыру;

- ата-аналар мен азаматтар арасында алаңдаушылық пен ашулануды күшейту.

 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпараттық сауаттылықты сақтауға, мұқият болуға шақырады.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 21:54
Талқылау