Оқудың сапасына ЖОО-лар жауапты болады: Қазақстанда білім беруге қатысты заң жобасына өзгертулер енгізілді

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында білім беру саласындағы парламенттік түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Депутаттар әзірлеген заң жобасы білім беру қызметін көрсетуді бақылауды қоса алғанда, оқу үдерісін жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандағы бес ЖОО-ның лицензиясы тоқтап тұр

Осыған байланысты ұсынылған білім беру жетістіктерін бақылаудың қазіргі білім жетістіктерін сырттай бағалаудан айырмашылығы туралы мәселе көтерілді.

"2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары өздерінің дипломдарын бере бастайды. Заң бойынша университеттерге білім беру қызметінде толық тәуелсіздік беріледі. Мұндай жағдайда білім сапасы үшін жауапкершілік жоғары оқу орындарының өздеріне жүктеледі", - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс спикерінің пікірінше, университеттердің тәуелсіздігін қалыптастыру маңызды.

"Әрбір университет берілген дипломды бағалауы керек. Осыған байланысты жоғары оқу орындарындағы оқу жетістіктерін бақылау қаншалықты мақсатқа сай келеді деген сұрақ туындайды. Сонымен қатар, бұл мониторинг белгілі бір университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын көрсетеді. Университеттерге бақылау жүргізілгенімен, тәуелсіздік қамтамасыз етіледі", - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс спикері атап өткендей, мұндай бақылау бар - кәсіпкерлік субъектілері сияқты барлық университеттерде бақылау кәсіпкерлік кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

"Білім министрлігі бас прокуратураның құқықтық статистика орталығы арқылы кіреді, нарық субъектісі ретінде көрінеді, және қазір барлық университеттер біліктілік талаптары мен білім беру стандарттарына жауап беретін нарық субъектілері болып табылады. Және бұл уәкілетті органға, яғни білім министрлігіне университеттердің білім беру қызметін тереңірек талдауға және оларға тиісті баға беруге мүмкіндік береді", - деп Нұрлан Нығматулин жұмыс тобына әзірлеушілермен бірге екінші оқылымға дейін осы мәселені тағы бір рет мұқият зерттеп шығуды тапсырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр