AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оқуды қойып, жұмыс істеп, пәтер жалдауға мәжбүрміз": Қазақстандық студенттер жатақханамен қамту мәселесіне шағымданды

Қазақстандық студенттер жатақханадан орын таппай жүр. Сөздерінше, олар жалдап жүрген пәтердің ақысын төлеу үшін оқуды қойып, жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

жатақханаҮшінші курс студенті Тұрарбек Ерманов бір бөлмеде өзін қосқанда төрт адам болып тұратынын айтады. Айтуынша, ғимарат жаңа болғанымен ондағы жағдай мәз емес. 

"Мұндағы шкаф үлкен көрінгенімен төрт адамға жетпейді.  Бір үстел басына да төртеуміз сыймаймыз", – дейді ол. 

Тағы бір студент Армангүл Базарбаева бұған дейін ескі жатақханада сегіз қыз  тұрғанын жеткізді. Бір қабатта тұратын студенттер бір душты пайдаланады деген ол басқа қаладан оқуға келген түлек бірқатар қиындықтармен бетпе-бет келетінін айтады. 

"Егер адам сияқты үй жалдап, өмір сүргің келсе, оқуды қойып жұмыс істеуге тура келеді. Ал егер оқу оқимын десең, осындай ескі жатақханада күн кешесің", – дейді төртінші курс студенті. 

Айта кетсек, Қазақстанда 63 мың студентке жатақханада орын жетпейді. Орын жетіспеушілігі жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары көш бастап тұр. Десек те, соңғы екі жылдан бері жағдай жақсы жаққа қарай өзгеруде. Мемлекеттік әрі жартылай жекеменшік бағдарлама аясында қазіргі күні жатақханалардың құрылысы қолға алынған. 

"Инвестор жатақхана тұрғызып, алайда онда студент тұрмайтын болса, мемлекеттік тапсырыс ақысы төленбейді. Өйткені бұл төлем жатақханада тұратын студенттердің санына байланысты анықталады. Осылайша, біз инвесторларды сапалы ғимарат салуға ынталандырамыз", – дейді білім және ғылым министрлігіне қарасты "Қаржы орталығы" АҚ президенті Асқар Ибраимов. 

Екі жарым жыл ішінде 20 мың жатақхана орны пайдалануға берілген. Ал студенттер саны жыл сайын артып келеді. 2025 жылға қарай шенеуніктер барлық студенттерді жатақханаға орналастыруға уәде етеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр