Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауырып барсаң қараудың орнына ақша сұрайды": Алматы облысында өкпесі зақымдалған азамат дәрігерлердің көмегіне қол жеткізе алмай отыр

Алматылық Еркін Майлыбай туралы ақпарат желілерде желдей есіп жүр. Онда таралған ақпаратқа сәйкес Еркіннің өкпесі 90% жарамсыз болып қалған көрінеді. Осыған қарамастан науқастың ауруханадан не үшін шығарып тастағанын білу үшін Stan.kz тілшісі Алматы облысы денсаулық сақтау бөліміне хабарласып көрді. 

еркін

38 жастағы Еркін Майлыбаев - екі баланың әкесі. Ол бір айға жуық уақыт бұрын пневмония диагнозымен ауруханаға түсіп, он күннен аса емделген екен. Желіде тараған ақпарттың бірінде дәрігерлер оның жағдайы нашар болса да "жазылып кетесің әрі қарай үйден емдел" деп қайтарып жіберген көрінеді.

Осы жағдайдан кейін дәрі алуға ақша таппай отырған оның әйелі халықтан көмек сұраған. Сау кезінде құрылыста істеп нәпіқасын тапқан оның денсаулығы нашарлағалы бері тұрмыс жағдайы мүлде қиындап кеткен. Еркін Майлыбаев Алтын Орда базары маңында пәтер жалдап тұрады. Әйелі бір жастан асқан балаға қарап еш табыссыз үйде отыр.

Еркіннің өзімен тілдескенімізде дәрігерлерге өкпесі қара қазандай екенін байқадық. Өйткені дер кезінде дұрыс диагноз қоймаған, зер салып емдемеді дейді ол. 

"Қазір ауруханадамын. Бүгін ғана туберкулез екенімді айтып отыр. Осыдан алдын Қаскелең ауруханасында он күндей ем алып, пайдасы болмаған соң өз еркіммен шығып кеттім. Адам құрлы көрмеді. Қасымдағы адамдар өліп қалып жатты. Соның бәрін көріп жата алмадым. Одан кейін де үйіме қанша рет жедел жәрдем шақырдым, екі қолдарын қалталарына салып алып, тексермейді. Әрқайсысы келіп әртүрлі нәрсе жазып кетеді. Біреуі суық тиген десе, біреуі тұмау деп кетеді. Ойына келгендерін істеді", - деген ол өзнің ауыр хәлге түсуіне дәрігерлерді кінәлайтынын ашық айты. 

"Олар неге дер кезінде ем-дом жасамайды. Ертерек анықтағанда мұның бірі де болмас еді. Ауырып барсаң қараудың орнына ақша сұрайды. Өзім үйге емделуге шыққанда дәріге ақшам болмады", - дейді ол. 

Осындай қиын жағдайда қалған азаматты дәрігерлердің қарамай тастап кеткені рас па, өкпесінің 90% жарамсыз болса қалай өздігінен тыныс алып жүр? Осы сұрақтарға жауапты Алматы қаласының денсаулық сақтау департаментінің ресми өкілі Ләйлім Ахметжанқызы берді. 

"Қарасай аудандық орталық ауруханасы Үшқоңыр ауылының КВИ-2 провизорлық бөлімшесінде стационарлық ем қабылдап жатқан пациент Майлыбаевтың туыстарынан түскен өтініш бойынша төмендегіні мәлімдейді.

Науқас Майлыбаев бірінші тамыз күні жедел жәрдем бригадасымен Үшқоңыр ауылының КВИ-2 провизорлық бөлімшесіне жеткізілген. Алдын ала қойылған диагноз: коронавирустық инфекция, туберкулез. Туыстарының айтуынша, екі жақты пневмония, өкпенің 90% бөлігі зақымданған. Бірақ КТ, рентгенге түспегендіктен ешқандай анықтама ұсынған жоқ.  

Ауруханаға қабылдау кезінде пациент әлсіздік, ентігу ауру белгілерінің бар екенін айтып, бір ай бойына ауырып жүргеніне шағымданды.  

Объективті тексеру кезінде: пациенттің жағдайы орташа ауырлықта, сатурация 96% екенін көрсетті. Пациент осы уақытқа дейін ешқандай емханаға тіркелмегенін ескере отырып, дәрігерлер толыққанды медициналық тексеруден өткізуде. Қазіргі уақытта жағдайы орташа ауырлықта.

Екінші тамыз күні пациенттен COVID-19 ПТР және басқа қажетті анализдер алынып, зертханалық тексеруге жіберілді. КТ, рентген жасалды", - дейді ресми өкіл.

Ләйлім Ахметжанқызының сөзіне сүйенсек, туыстарының айтқан деректері шындыққа сәйкес келмейді. Яғни, 90% өкпесінің зақымдануында адам өз еркімен тыныс ала алмайды, тіпті, әрі-беріден соң оның тірі жүруі де күмәнді. 

Қазір толықтай тексерістен өтіп жатқан Еркін Майлыбайдан туберкулез анықталғанын айтады Ахметжанқызы. 

"Тексеру нәтижелері пациентте туберкулез ауруының бар екенін көрсетті. Қазіргі уақытта пациентті Қарасай аудандық туберкулез диспансеріне ауыстыру мәселесі қарастырлып жатыр", - дейді Ләйлім Ахметжанқызы. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Еркін ағаның үйіне барған кісілер болса видео, өз пікірлеріңізді осы парақшаның жекесіне жіберсеңіздер екен. Халық көрсін деген ниетте, рақмет барлығыңызға. 8 747 261 42 46 осы номерде голд карта. Осы номерге звондап өздерімен сөйлесесіз, назар аударғаныңызға рақмет🙏 Достар Еркін Майлыбаев есімді 38 жастағы бір және үш жасар  қос бүлдіршіннің әкесіне көмек қажет. Ол жиырма күн бұрын пневмония  (өкпесінің 90 %) диагнозымен ауруханаға түсіп, он күннен аса емделген.  Дәрігерлер оны дұрыс тыныс ала алмаса да "жазылып кетесің әрі қарай үйден емдел" деп қайтарып жіберген.  Үйден салдыруға ешқандай да тегін дәрі бермеген. Қазір жеделжәрдем шақыртса тек уақытшы ауырсынуды басатын дәрі егіп кетеді екен. Енді оның әйелі шырылдап халықтан көмек сұрауға мәжбүр. Құрлысшы нақтырақ айтсақ баспалдақ жасаумен айналысатын Еркін Майлыбаев Алтын Орда базары маңынан екі бөлмелі пәтер жалдап тұрады. Денсаулығына байланысты соңғы үш айда  ешқандай табысы жоқ. Өзіне ғана мемлекеттен 42 500 теңгені екі рет алған. Ал әйелі бір жастан асқан балаға қарап еш табыссыз үйде отыр. Мүмкіндік болса жақын тұратын кісілер аш отырған екі балаға азық- түлік жеткізсеңіздер де болады. Немесе мына номерге(каспий голд осы номерде): 8 747 261 42 46 номеріне жүз теңге болсын аударыңызшы. Құрбан айтта бір отбасына жәрдемдесіп, балалардың қарнын тойдырайық. Кеше ғана құрлыс алаңында жұмыс істеп, табыс тауып, отбасын асырап жүрген Еркін қазір орнынан әрең тұратын жағдайға жеткен. Балаларының аш отырғанына өзін іштей кінәлап отырған  азамат "аяққа тұрып кетсем қазір көмектескен кісінің құрлысын жасап беруге дайынмын" дейді. Оның әйелі тура қазір күйеуіне  дәрі- дәрмек тұрмақ, ыстық сорпа жасап беретін тауықтың еті жоқ деп отыр. Сіз берген жүз теңге бір отбасының тағдыры, аянып қалмаңызшы, өтініш🙏🙏🙏

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Талқылау