Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО тұрғыны асыранды қызына берілетін өтемақы тоқтағаннан кейін оны жындыханаға тапсырған

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Райкүл Жамансариева өзінің туған ағасының қызын бір кезде қамқорлыққа алғандар қолына қайтарып берсе де, жарымжан ретінде мемлекеттен алатын жәрдемақысына қол сұғып  отыр дейді. Тіпті өтемақы тоқтай сала ақыл-есі кеміс деп, ол қызды жындыханаға тапсырған деп кінәлап отыр. Ал қызды бала күнінен асыраған Ләйла Дарханбаева болса, бар туысы төрт баладан бас тартқан соң, қиын сәтте оларды бауырына басқанын, аналық қамқор болғанын айтады.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Райкүл Жамансариева бір жылдары ағасынан ажырасқан жеңгесі төрт баламен белгісіз жаққа көшіп кеткенін, ал екі жыл бұрын іздестіріп бауырларымен қайта қауышқанын айтады. Сөзінше ағасының бір ұлы өмірден өтіп, бір қызы Өзбекстан азаматымен тұрмыс құрған. Енді бір ұлы үйленіп, жеке отау құрса, денсаулығы жарымжан Алтынайдың психиатриялық ауруханадан табылуын асырап алушының әрекеті деп отыр. Сіңлісінің келгеніне екі жыл өтсе де, «47 мың теңге жәрдемақысын солар алуда» – дейді.

“Сол екі жылдық саған бұйырсын, бақтың ғой мақұл. Енді бұдан кейінгісін берші деп осыдан екі ай бұрын жолыққанымда, неше түрлі ауыр сөздермен, баратын жеріңе бар деп шығарып салды”, – дейді шағымданушы Райкүл Жамансариева.

Үйіне әкелер сәтте Алтынайдың аяғында галош болғанын айтқан әпкесі жүйке науқасымен ауыратын кездері болады, тіпті жуырда психиатриялық ауруханаға  жатып шықты деді. Бір қызығы әпкесі бола тұра сіңлісін қамқорлыққа ресми рәсімдеуге құлықсыз. Қамқорлыққа алуға Айтбай ағасында да нақты жауап жоқ. Белгілісі, бұрын қамқорлыққа алғандарға қайта бармайтыны дейді.

“Сонан бері өгей шешем бір тиын ақшамды берген де жоқ. Көмегі де жоқ. Ашпын ба, тоқпын ба, менде жұмысы да жоқ оның”, – дейді Райкүлдің сіңлісі Алтынай Жамансариева.

Ал Ләйла Дарханбаева төрт баланың әкесі өгей қызын зорлап сотталған уақытта, қиналып жүрген анасына кезіктім дейді. Алдымен көмек көрсетіп жүргенін, анасы қайтыс болған соң, төртеуін жетектеп бар туысын аралап шыққанын, алайда барлығы олардан бас тартқанын айтады. Содан соң ғана асырап алып, бағып-қақтым деді. Алтынайдың науқастығы құжатпен расталады, «ауруханаға күштеп жатқызды деуі өтірік, оны заң көтермейді» – деді.

“Ақшаны алғысы келсе, толық сотпен алсын”, – дейді қамқоршы ана Ләйлә Дарханбаева.

Сондай-ақ, ұзақ жылдан кейін табылған туыс әпкесі Райкүл Жамансариеваның Алтынай мен басқаларына шынайы қамқор болады дегенге күмәнмен қарайтынын айтады. Ол ағасы Айтбаймен де тұрмайды, Алтынайды әпкесі немерелерін қаратуға ғана пайдаланады дейді. Қамқорлыққа алуға ниеті жоқ туысының күйттегені ақша ғана деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда көлік бағасы 12 пайызға арзандамақшы

Жұрт ашық-шашық киінген Жолдыбаеваны атышулы Байзақовамен салыстырды (фото)

Әйелімен ойнаған Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (видео)

Нұрлан Еспановтың ұлы мен Лидия Каденнің экс-келіні көңіл қосқан ба? (видео)

Талқылау