ОҚО-да мас полицейдің кесірінен оның басшылары түгел жұмыстан қуылды
Көршілерін пышақтаған Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары кесірін күллі әріптестеріне тигізді, деп хабарлайды КТК.
Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Олжас Амандықовқа қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғаса, аудандық полиция бастығын, екі орынбасарымен қоса орнынан алған.
Спирттік ішімдікке сылқия тойған шенді көршісінің үйіне барып, сонда жанжал шығарған. Тіпті, ондағы екі тұрғынды пышақпен жаралапты. Түн ішінде шыққан айғайға келген көршілері тентек майорды әрең ажыратып алған. Бұл жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерге таралған соң Созақ полициясы тентек әріптестерінің кесірінен түгел басшысыз қалды.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда сауда үйінің 3-қабатынан құлаған сәбидің анасы оқиғаның қалай болғанын айтты
Шекарадағы жағдай: Сағынтаев Қырғызстанға 5 шарт қойды (видео)
Қырғыз премьері ТМД үкімет басшыларының отырысында Қазақстанды сынап тастады