ОҚО-да көлікті басып озбақ болған жүргізуші үш адамның өліміне себепкер болды
Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 16 сәуірде таңертең Шымкенттегі тас жолда Төлеби ауданының тұрғыны 1995 жылы туған жүргізуші Opel Vectra көлігін айдап келе жатып, алдындағы көлікті басып озбақ болады да, 1992 жылы туған шымкенттік басқарып келе жатқан Volvo көлігіне бір-ақ соғылады.
Қатты соққы салдарынан оқиға орнында Opel көлігінің 1956, 1958 және 1995 жылы туған үш жолаушысы қаза тапты, бәрі ОҚО Төлеби ауданының тұрғындары. Бұл көліктің жүргізушісі әр түрлі жарақат алып, Шымкент ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта полицейлер жол апатының мән-жайын анықтауда. Opel көлігінің жүргізушісі ұсталды, сот алды терегу ісі жүргізіліп жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Студент жігіт көңілдесі болған мұғалімін қылқындырып өлтіріп кетті
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр