Анасы 2 жасар қызының суретін Facebook-ке жүктеп, кейін оны порно-сайттан көріп қалған

Дүйсенбі, 17 Сәуір , 2017 13:36

26 жастағы Никки Эллиот Harvester пабында жұмыс істеп жүрген кезінде басшысы Оливер Уайтингті өте көңілді әрі ашық жан деп санаған. Алайда Никки басшысының сексуалдық қиялға берілген адам екенін білмеген. Даяшы-қыз өзін азғындыққа итермелеген бұрынғы басшысы туралы айтып берді.

Nikki-Elliott

Никки Элиот

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror жазды.

Оливер әйел адамдардың суреттерін ұрлап, оларды порно-сайттарға жариялауды әуестікке айналдырған. Ол, тіпті бір кездері өзінің 16 жастағы өгей қарындасының мектеп формасымен түскен суретін желіге жүктеп, оқырмандардан оны зорлау үшін қанша ақша төлеуге әзір екендерін сұраған.

Бір емес бірнеше әйел шағым түсірген соң ғана полиция қылмыскердің ізіне түскен. 2003 жылы ол алты айға түрмеге тоғытылып, сексуалды қылмыскерлерді оңалту орталығында емделуге міндеттелген.

Oliver-Whiting-court-case

Оливер Уайтинг

Алайда Оливердің құрбанына айналған Никки оның түзелмегеніне сенімді. Өйткені желіден алынған суреттер әлі күнге дейін порно-сайттарда жүрген көрінеді.

Никки мен оның қазіргі күйеуі Ден Тейлор 2013 жылы шаңырақ көтерген. Екеуінің Оливия есімді қыздары бар.

Кейіннен Никки дәмханадағы жұмысын тастап, басқа мейрамханаға орналасқан. Арада екі ай өткен соң бейтаныс адам Никкиге хат жазып, оның Facebook-тегі суретінің порно-сайтта жүргенін хабарлапты.

Никки өзінің және 2 жасар қызының суретінің жанынан «мені зорла» деген жазбаны көргенде шошығанын айтты. Осы оқиғадан кейін желіде Никкиге хат жазып, оны зорлауға ниеттенгендер көп болған.

Көп ұзамай Никки бұл әрекетке оның бұрынғы басшысы Оливер Уайтингтің барғанын білген.

Оливер порно-сайтқа бас-аяғы 14 әйелдің суретін жүктепті. Никки олардың бірнешеуімен хабарласып, полицияға шағым түсірген.

АҚШ полициясы Оливерді жазалай алмайды. Себебі ол ұятсыз сайттарға жүктеген суреттер күнделікті өмірден алынған, яғни онда әйелдердің интимді суреттері жоқ. Есесіне суреттердің жанына «мені зорла», «зорлағың келсе, ақша төле» сынды жазбалар қалдырылған.

Daily Mail-ге берген сұхбатында Никки: «Бізге көрсеткен нәрселерінен кейін оның түрмеге отырмағанына қапаланып отырмын. Себебі суреттеріміз әлі де порно-сайттарда жүр. Кейін бұдан асқан әрекеттерге бара ма деп қорқамын», – деді.

Жіберіп алмаңыз:

70 жастағы шалдан жүкті болған жезөкше жұмысын ары қарай жалғастырмақ

Миллионер төрт баласына ешқандай мұра қалдырмады

Салмағы 17 келі тартатын 8 айлық қыз дәрігерлер үшін жұмбаққа айналды (фото, видео)

50 Cent өзіне қол созған әйелді жұдырықпен қойып қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар