Шымкентте толғағы тойда басталған келінді қайнысы босандырып алды (фото)
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жұмабековтар отбасындағы той өмірге сәбидің келуіне ұласты.

Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
Нақтырақ айтқанда, Шалқар Бақберген есімді “Алғабас” ауылының тұрғыны келін түсіріп, қазақы салт бойынша беташар жасайды. Осы той үстінде сол шаңырақтың тағы бір жүкті келінінің толғағы келіп қалып, босанған.
Дәрігерлер келіншектің босануына әлі уақыт бар деген соң, ол еш алаңсыз үй шаруасын атқарып жүріпті. Қуанышқа орай, медициналық қызметкерлер келемін дегенше, қайын інісі босандырып алған.
Той үстінде дүниеге келген сәбиге Тойлыбай есімі берілген.








Сарапшылар авиаотын бағасы түскенде әуе билеттері арзандайтынына күмән келтірді
Энергетика министрлігі отын бағасын 940 долларға дейін түсіргенін мәлімдеген
"3,8 миллиард теңге бөлген": "Қызылжар" ФК олигарх Сергей Канның жекеменшігіне өтсе де, мемлекеттен қаржы алуын тоқтатпады
Спорт басқармасы: "2026-2028 жылдары мемлекеттік қаржыландыруды кезең-кезеңімен азайту жоспарланған"