Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да «Алтын белгімен» бітірген түлектер шекті 50 балды да жинай алмаған

ОҚО-да мектепті “Алтын бегімен” бітірген 9 түрек шекті 50 балды да жинай алмаған, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170824190014

Одан бөлек 4 түлек о балл жинаған. Бұл туралы «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» облыстық педагогикалық тамыз конференциясында айтылды.

Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов биылғы ҰБТ-ның нәтижесі жақсы емес.

«Атап айтқанда облыста «Алтын белгімен» бітірген оқушылардың саны 43 пайызға артқанымен, олардың арасында 100 балды жинай алмаған оқушылар тіркеліп отыр. Енді аталған мектептерге зерделеу, тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеріледі. Ал, түлектердің орта балы небәрі 76,6 балды құраған»,- деді Исатай Өмірзақұлы.

Тестті түлектердің 78 пайызы тапсырған. Олардың жинаған балы республика бойынша соңғы орынғы шықты. Аймақта мұғалімдердің білімін арттыру мәселесі көтерілді.

Алдағы уақытта өңірде 200 шақты білім мекемесін салу жоспарлануда. олардың 73-і мемлекет есебінен салынады.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық мүсінші көлік бөлшектерінен таңғажайып туындылар жасап жүр

Грузияда Қазақстан азаматы тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, 5 адам қаза болды

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жоғалып кетті

Талқылау