Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузияда Қазақстан азаматы тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, 5 адам қаза болды

Грузияда еліміздің азаматы басқарып келе жатқан жүк көлігі жол апатына ұшырады. Жазатайым оқиға кезінде 5 адам қаз тапқан.

9d05c49b3cfd59b2076a44210aa25119_XL

Апатқа жүк көлігінің тіркемесінің ажырап кетуі себеп болған. Сөйтіп жанындағы автокөлікке соғылған. Ал онда отырған алты адамның барлығы бір отбасының мүшесі, деп хабарлайды 24 арна.

Олардың біреуі ғана аман қалды. Қазір ауруханада жатыр. Ал жүк көлігін жүргізіп келе жатқан қазақстандық азамат қамауға алынды. Осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал грузиялық тарап 24 сағаттың ішінде сол елдегі Қазақстан елшілігіне қазақстандықтың тұтқындалғаны туралы ресми хабарлауы тиіс.

“Бұл оқиға жаныңды түршіктіреді. Тіркеме минивен көлігімен соқтығысқан. Оның ішіндегі алты адамның бесеуі оқиға орнында көз жұмды. Біреуі кішкентай қыз бала. Тағы бірі жүкті әйел. Гоги Патарая, куәгер:  – Тіркеме өзін сүйретіп келе жатқан жүк көлігінен ажырап, өзімен өзі жүйткіп кетті. Іздері көрініп жатыр ғой. Соған қарағанда салмағы ауыр болуы мүмкін”, – дейді жедел жәрдем қызметінің дәрігері Давид Чхартишвили.

Тағы да оқыңыз:

Оралда 60-қа жуық адам зардап шеккен жантүршігерлік апатқа кінәлі анықталды

ШҚО-да ер адам өз анасын өлгенше сабады

ШҚО-да түтінге тұншыққан бала кездейсоқ жандардың көмегімен аман қалды

Талқылау