ОҚО-да 7 жасар бала тоққа түсті: Дәрігерлер бір қолын кесіп тастауы мүмкін
Оңтүстік Қазақстан облысының Қызыләскер ауылында жеті жасар бала ашық трансформатордағы кернеулі тоққа түсіп қалды.
Енді баланың бір қолын дәрігерлер кесіп тастауы мүмкін. Қуатты соққыдан адам танымастай халде қарайып күйіп кеткен Асылбек Мырзабайды дәрігерлер күні кеше облыс орталығына жеткізіпті. Ал егілген ата-анасы трансформатордың әлі күнге ашық-шашық күйде тұрғанын айтады, деп хабарлайды 31 арна.
Сарыағаштың Қызыләскер ауылында достарымен ойнап жүрген жеті жасар Асылбек есігі ашық тұрған кернеулі ток өтетін трансформаторға «ішінде не бар екен» деп қызықтап кірген болуы мүмкін дейді оның ата-анасы. Қасындағылардан ести сала, жүгіріп барған сәтте баласын көрген Асқар Ақтаев «ұлымды әзер таныдым» – дейді. Кернеулі токты қолымен ұстағандықтан бетінен бастап, шашы, қолы қатты күйіп кеткенін, тіпті ток аяғынан бірақ тесіп шықты деп отыр.
“Бірінші көрген кезде өзімнің есім шығып кетті. Былай қарадым да, шошып кеттім. Жылап та жібердім. Қолда жан жоқ дейді. Қан бармаса жұмаға дейін, қолын кесіп ап тастаймыз деді”, – дейді Асылбектің әкесі Асқар Ақтаев.
Абай ауылындағы ауруханада сегіз күн бойы ес-түссіз жатқан баласын дәрігерлер күні кеше облыс орталығына жеткізген. Ауыр жағдайдан есеңгіреп барып, әзер есін жиған ата-ана, есігі ашық-шашық күйдегі трансформатор иелеріне шағым түсіріпті. Полиция әзірге нақты иесі табылмай жатыр деген көрінеді.
“Сонда біз ақшаны төлеп жатырмыз электро сетьке. Ал иесі сонда жоқ па, оның?”, – дейді Асылбектің анасы Айүл Мырзабаева.
Дәрігерлер баланың электрлі ауыр күйік алғанын айтады. Беті бері қараған соң, қолын емдеу мақсатында Шымкентке алдыртыпты.
“Үшінші-төртінші дәрежелі күйік алған ғой. Сүйекке дейін күйіп қалған сол қолы. Қолының мүшесі болмай қалуы да мүмкін. Саусақтарының барлығы кетіп қалуы мүмкін”, – дейді ОҚО балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бола Нұсқабаев.
Жеті жасар Асылбектің ата-анасы ауылдағы трансформатордағы токқа басқа баланың түспеуіне кепіл жоқ дейді. Себебі оның есігі әлі жабылмапты. Ал ойын баласы «онда бармаңдар» деген ескертуді ұмыт қалдырса, қайғылы жағдай тағы қайталанады ма деп қауіптенеді. Өз баласымен болған дерек бойынша шағым беруді тоқтатпаймын деп отыр.
Тағы да оқыңыз:
Пара алып сотталған Ерлан Біләл актер болып жұмыс істей береді
Қанағаттандыра да алмайсыңдар: Атышулы Замира ер азаматтарға тағы да өкпесін айтты (видео)
Димаш жалған әншілердің масқарасын шығарды: Түріктер Димаш жайлы не дейді
Алматыда жоғалып кеткен жігіт есін жоғалтқан күйі басқа қалаға кетіп қалған