Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 5 баланың анасы ұлын аяусыз ұрып, мүгедек қылып қойды (фото)

Оңтүстік тұрғыны Бағлан Темірбеков төрт баласын жалғыз бағып отыр. Қазір мүгедек ұлымен бірге облыстық балалар ауруханасында жатыр. Негізі Бағланның ауруханада емделіп жатқан ұлы дені сау болып туған.

бала

Жұбайы Заринамен ажырасқан соң , балалары анасының қарауына берілген. Кейін без бүйрек ана ұлына қарамай, ұрып –соғып, өз қолымен мүгедек қылыпты. Бұл жөнінде төрт баланың әкесі Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Бағлан қазір бір айдан аса уақыт ауруханада мүгедек ұлымен жатып, өлместің күнін кешуде. Өйткені дәрігерлер баланың миында ісік пайда болғанын айтып. Астана қаласында күрделі ота жасауға құжаттарын рәсімдеп жатыр.

бала3

Әрі науқас баланың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлердің күнделікті бақылауына алынған.Перзентінің мүгедек болуын Бағлан жары Заринаның қатегіздігінен көріп отыр. Олай дейтініміз олар ажырасқан соң, балалар анасының қамқорлығына берілген. Сол кезде оларды туған анасы қатыгездікпен аяусыз соққының астына алыпты. Соның салдарынан ұлы Әбдірахман мүгедектікке ұшырапты.

бала2

“Қызым бір әңгімесінде анасының ішіп келіп, оларға қол жұмсағанын айтқан болатын. Алайда осы әңгімесіне мән бермеппін. “Туған анасы ғой, балаларын мүгедек етердей ұра қоймас” деп ойладым. Күндердің күнінде ішіп келген анасы Әбдірахман есімді баламның желкесінен қатты ұрып жіберген. Осы кезде ұлымның мұрны үстелге тиіп, қан жоса болған.

Кейін ұлым қатты соққыдан жылаған соң, қайын атам оны түннің жарымында қой қораға қамап қойған. Осы жағдайдан соң, ұлым психологиялық соққы алып, басының ауруы жиілей түсті. Кейін үйге ұлымды әкеп жүргенде ол маған “Папа басым ауырады, құсқым келеді” деп шағымдануды бастап, онысымен қоймай қорылдауы да жиілей түсті.

бала1

Кейін баламды дәрігерлерге көрсеткен едім, тұмау болып қалған деп дәрі жазып берді. Түрлі укол да салды. Ауруханаға жібереді, түрлі ем қабылдатты. Бірақ, аурудың нақты себебін таппаған соң, емнің еш нәтижесі болмады.

Кейін облыстық балалар аурухасындағы дәрігерлерге көрсеткен едім, МРТ ға түсіруге кеңес берді. Бұл тексеруден кейін ұлымның миына су жиналып, ісік пайда болғаны анықталды. Яғни, анасы ұрғаннан соң, баламның басында ісік пайда болыпты” ,- дейді төрт баланың әкесі Бағлан Темірбеков.

бала4

Бағланның әйелімен ажырасқанына бес жылдан асқан. Оларда ортақ бес бала бар. Қазір олардың төртеуі әкелерімен тұрады. Балалары анасының қасына бармаймын деп жылайды екен. Сондықтан, әке төрт перзентін бауырына басып, өзі қарауына тура келген.

Оған қоса, балаларының анасы перзентерін үнемі бір бөлмеге қамап, өзі апталап жоғалып кетеді екен. Мұны есі кіріп қалған қыздары да айтып отыр. Бірақ, заң жағынан алып қарағанда, балар Заринаның қарауында болуы тиіс.

Өйткені, сот шешімі бойынша балалар анасының қамқорлығына берілсін деген үкім шығарылған. Әкелері ауруханада жатқан кезде, үш бала өз ата-әжесінің қарауында.

“Балаларымның анасына қатыгездігі үшін ашулымын. Үнемі осы. Бала шағасын тастап кетіп, өзі жайбарақат қаңғырып жүре береді. Аудандағы сот өкілдері мен учаскелік полицейлерде оның бұл әрекетін жақсы біледі. Бірақ, заң жағынан шешім қабылдағанда, Заринаның пайдасына шешеді. Барлығы бір ауыздан келісіп алғандай.

Мен балаларды заңды түрде өзімнің қарауыма алғым келеді. Бұл үшін талай есікті тоздырдым. Дегенмен, ешқандай нәтиже жоқ. Және де туған ұлын ұрып соғып, мүгедек қылған ананың жауапқа тартылуын сұраймын”,- дейді төрт баланың әкесі.

Жалғыз басты әке мен науқас баланың ауруханадағы әлегі әлі жылдарға созылатын сияқты. Өйткені мүгедек баланы әлі алда күрделі ота күтіп тұр. Отадан кейін балаға күтім мен оңалту емдері қажет.

Бірақ, дәрігерлер мүгедек баланың толық сауығып кетуіне ешқандай кепілдік бермей отыр. Қазір науқас бала өздігінен тыныс ала алмайды, аппараттқа таңылған. Оған қоса сөйлеуден қалып, жүре де алмайды.Сондықтан, дәрменсіз әке күндіз түні ұлының қасынан шықпай, қамқорлық көрсетуде. Ал балалардың анасы бөлек тұрып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек

Аралда мектеп директоры мұғалімдерге үйін салғызып жатыр (видео)

Қызылордалық ескі көліктен ауыл шаруашылығына жарамды «Джип» жасап алды (фото)

Қызылорда ыстығына шыдамаған алматылық қыз беташарда есінен танып құлады

Таразда «рентген әйел» дәрігер қайтарған науқастарды емдеп жүр (фото,видео)

Алматылық кәсіпкер әншілерге ерекше ауызашар жасап, оларды ақшаға таластырып қойды (фото)

Талқылау