Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған сыныптастар екі мұғалімді қажылыққа жіберді

Өткен жылы жазда Мақтаарал ауданының Атамекен ауылдық округіне қарасты Әуезов атындағы орта мектептің (қазір ол мектеп «Жібек жолы» деп аталады) 1996 жылы бітірген түлектері өздерінің 20 жылдық бас қосуларын өткізген болатын.

kazhylyk-sapar

Әдетте мұндай шара ұйымдастырушылар өздері оқыған мектепке түрліше сый жасайтыны белгілі. (Мектепке жаңа қақпа салып береді, қаржы бөліп, күрделі жөндеуден өткізеді, мектепке қажетті түрлі құрал-жабдықтар алып береді, тағысын тағы). Ал 1996-жылы бітірген түлектердің көрсеткен сый-құрметі өздеріне дейінгілерден өзгешелеу болды, деп жазады Замана газеті.

Яғни 1996 жылғы мектеп түлектері өздерін оқытқан екі ұстазға Мекке-Мәдинаға умра қажылық парызын өтеп қайтатын жолдама алып берді. Осылайша тарих және құқықтану пәндерінің мұғалімі Мансұр Мамытов ағай мен өздерін бастауыш сыныпта оқытқан Түймеш Көптілеуова апай жақында ғана өздерінің бір кездегі шәкірттерінің арқасында Меккеге барып, қажы атанып қайтты.

Мектеп түлектерінің негізгі демеу­шілері ретінде Алматыда, діни жоғары қызметтерде істейтін Әнуар Елжанов, Машраф Махамбетов, Қайрат Серғазиев, Берік Байымбетов, Икрам Аймешов, Бақдәулет Жұмаханов, Ерболат Раев бастаған жігіттерді атауға болады.

«Ата-бабамыз баруды армандап кеткен қасиетті жерге табан тигізгенде кәдімгідей көңілім босап, қасиетті Қағбаны айналып жүргенде еріксіз көзіме жас алып жыладым. Алған әсерімнің кереметтігінен болар. Соның бәрі әуелі Алланың, кейін жиырма жыл бұрын мектеп бітіріп кеткен оқушыларымның арқасы», – дейді Мансұр ағай.

Ұстаздар да, ауыл тұрғындары да олардың Мекке-Мәдинаға барып қайтуына себепші болған жігіттерге дән риза.

Жіберіп алмаңыз:

Абдуллин: Үй мен көлік сатып алып көрмеппін, бәрін достарым сыйлайды (фото)

Қазақ жігіті 3 жылдан бері жүрген сүйіктісін жүкті қылып тастап кетті

Бауыржан Байбек алматылықтардың тамақтануы мен өмір салтына қатысты сын айтты

Талқылау