"Өкініш өзегімді өртейді": Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы да мәлімдеме жасады
Фото: https://www.shazam.com/ru
Дариға Бадықованың бұрынғы жолдасы тағы да мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандық телехикаяларда төбе көрсетіп жүрген талантты актер Дархан Мұсаев 16 жыл отасқан жарымен ажырасып кеткенін айтқан еді.
“Сіздермен ішімдегі болып жатқан құбылыспен бөліскім келіп отыр. Мамандығым өнер адамы бола тұра 16 жыл бойы өнерден ойып орын алмаппын, бойымдағы талантымды, өнерімді тұншықтырыппын. Өзімді қолға алып, дем салдырып Руқия оқытқалы көзім ашылып өмірді басқаша сезіне бастадым. Бұл емді маған айлап жалғастырды. Себебі тұла бойымда тылсым күштердің кедергілері анықталды. Ал, оны тазалауға әжептеуір күш кетті. Қазір есімді жиып, өткеніме қарасам өкініш өзегімді өртейді, мені осындай дәрежеге түсіруге себепші болған жандарды, бір Құдайға тапсырдым", – деді ол.
Еске салайық, актриса ешкімнің тоқалы емес екенін айтқан еді.
“Машинамды салып едім, “өзің алмаған шығарсың, біреу сыйлаған шығар” деп жатқандар бар. Бұл шоколад қосылған құлпынай емес қой сыйлай салатын. Байдың әйелі емеспін, ешкімнің тоқалы емеспін. Одан кейін мен біреуден қымбат сыйлық алып көрмеппін. Өзім шот төлеймін. Ешкімге масыл қыз емеспін, шүкір деп отырмыз. Намысты қолдан бермей отырмыз", – деді актриса.

Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалім жалған дипломмен 18 жыл бойы жұмыс істеді деп айыпталды
