Оқиға орнында қаза болды: Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі адам қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы қаланың Октябрь ауданындағы Попов көшесінде орын алды. Жедел жәрдем көлігінің 51 жастағы жүргізушісі қоңырауға бара жатқан. 15-ші магистральдан отыз метр қашықтықта ол жолдың бойында тұрған 71 жастағы ер адамды қағып кеткен. Соққы күшті болды. Ер адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болды.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”