Оқ өткізбейтін кеудеше киіп, қару ұстанған Лукашенко Минскіге ұшып келді (видео)
23 тамыз күні Беларусьтегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ел президенті оқ өткізбейтін кеудеше киген күйі Александр Лукашенко Минскідегі резиденциясына тікұшақтан түсіп, қару ұстап келе жатқаны түсіп қалған видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабаролайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазба "Пул Первого" Telegram-каналында жарияланды.
"Лукашенко бір сағат бұрын Тәуелсіздік сарайына ұшып келді. Президенттің үтсінде оқ өткізбейтін кеудеше. Қолында -мылтық", - делінген канал жазбасында.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, Лукашенкомен бірге оның ұлы Николай да келген. Президенттің ұлының қолында да мылтық бар екені аңғарылады.
Бұған қоса Беларусь басшысы митинг өткен Жеңімпаздар даңғылын үстінен тікұшақпен ұшып өтіпті. Осы кезде ол бас көтерген "халықтың егеуқұйрықтар секілді қашып кеткен" деп айтқан көрінеді.
Еске салайық, Беларусьтегі халықтың бас көтеруі елдегі президент сайлауының нәтижелері жарияланғаннан кейін басталған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”