Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оқ атып, үстінен мыжып өткен": Алматыда "Газель" жүргізушісі полицияға өзі келіп берілді

Полицейлер Алматы қаласындағы жолда болған кикілжіңнің қатысушысын қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СТВ арнасының «Территория проишествий» бағдарламасына сілтеме жасап. 

газель

Белгілі болғандай ереже бұзушының көлігі Алматы қаласы Іле ауданынан табылған. Жүргізуші учаскеге өзі келіп, құқыққорғаушылардың қолына берілді. Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция анықтап жатыр. 

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласында жолда болған кикілжің барысында ер адам зиян шекті. Куәгерлердің айтуынша, «Газель» жүргізушісі Toyota көлігінің жолын кескен. 

Автосүйерқауым тоқтап, сол жерде сөзге келіп қалған. Жеңіл автокөлік жолаушыларының айтуынша, бір уақытта «Газель» жүргізушісі тапанша алып шығып, оларға қоқаң-лоқы көрсете бастаған. Бұдан кейін ол оқ атып, Toyota жүргізушісін қаққанымен қоймай, үстінен мыжып өткен мыс. Жүк тасушы көлік оқиға болған жерден жасырынып қалды. Ал зиян шеккен жүргізуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Талқылау