Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқ атамын деп қорқытты: Нұр-Сұлтанда кішкентай бала үйіне полиция шақырды

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері қаруланған ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 нөміріне таңғы сағат жетіде бала хабарласып, әкесінің анасын соғып жатқаны туралы айтты.

"Автопатруль мекенжайға келгенде Айтматов көшесіндегі үйдің ауласында 45 жастағы әйелді көрді. Ол жанжал кезінде күйеуі оны ұрып, артынан үйден қуып жібергенін айтты", – дейді ведомствода.

Бұдан соң тәртіп сақшылары үшінші қабатқа көтеріліп, пәтердің есігін қақты. 

Алайда ер адам есікті ашудан бас тартып, полиция кетпесе оқ атамын деп қорқытқан. Сол кезде пәтерде кәмелетке толмаған үш бала болды.

Тәртіп сақшылары 39 жастағы ер адамды ұстады. Одан ресми тіркелген қару тәркіленді. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 21 Қазан, 2021 14:12
Талқылау