Оғыз Доғанға қарсы шыққан Бердоңғаров екеуі бірге Астанадағы сатушылардың қызметін тексеріп көрді (видео)
Түркия азаматы Оғыз Доған мен Тәңірберген Бердоңғаров Астанадағы сауда үйін аралап сатушылардың қай тілде қызмет көрсететінін тексеріп көрді, деп хабарлайды stan.kz.
Видеодан байқағанымыздай, сауда нүктелеріндегі сатушылардың көбі орыс тілінде қызмет көрсетуде. Оның себебін де айта кетті. Тұрғындардың көбі орыс тілінде сұрайды.
“Келушілердің 98 пайызы орыс тілінде сұрайды. Сондықтан біз де орысша жауап беріп үйренгенбіз”, – деді сатушының бірі.
“Сіз қазақ тілінде сұрап тұрған екінші не үшінші адамсыз. Басқалары орысша сұрайды”, – деді енді бірі.
“Қай тілде сұраса, сол тілде жауап береміз. Бірақ көбіне орыстілді тұтынушыла көп”, – деп жауап берді сатушылар.
Сатушылар арасында қазақша жауап беруге қиналғандар да бар.
Оғыз Доған мұны сұраныстың жоқтығынан екенін айтты.
“Егер тұтынушылар қазақша сұраса, қазақша жауап беретін еді. Басшылары жұмысқа аларда қазақ тілін талап етсе, жұмысшылар қазақ тілін білер еді”, – деді Оғыз Доған.
Айта кетейік, қазақ тілінің мәртебесін қорғаймын деп көпшіліктің назарына іліккен Түркия азаматы Оғыз Доған мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген казкоммерцбанкті сынап тастаған болатын. Ал қазақ тілінде қызмет бере алмағанымен қоймай, күзетшілердің күшімен оны қуып шыққан банк басшылығы бұл істеріне өкінетіндіктерін айтып, кешірім сұрады. Бұл даулы мәселеде заңгерлер де тіл жанашырының жағына шығып отыр.
Тағы оқыңыз:
Оғыз Доған: Біз Қазақстанда тұрып, тек қана қазақша қызмет алғымыз келеді