Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оғыз Доған атышулы оқиғадан кейін “Эйр Астананың” қалай өзгергенін айтып берді

“Эйр Астана” әуе компаниясын қазақ тіліне құрмет көрсетпеді деп айыптаған жолаушы Оғыз Доған бортсеріктердің тәртібін өзгерткендері туралы айтты.

9898

Ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында, жақында ғана әуе компания ұшағына отырған танысының сөзін мысал етіпті.

Доған парақшасында: “Бүгін отағасым Эйр Астанамен ұшқан. Кәдімгідей өзгеріс сезіледі, бәрі қазақша сайрап қоймапты…Бортсерік Таня деген қыз тіпті тек қазақша амандасып тұр дейді… е де болса, қоғамдық резонанстан соң, сең қозғалды деп болжауға негіз бар сияқты…” деген Алма Сайлауқызының сөзін келтіреді.

Еске салсақ, оқиға ұшақ бортында орын алған. Осы дауға байланысты белгілі блогердің Оғыз Доғанды қаралағаны да жария болған еді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда ұшақ билеттері қазіргіден де қымбаттауы мүмкін

Елімізде дінді желеу етіп балаларына екпе салдырудан бас тартқандарға айыппұл салынбақ

ҰБТ дауы: Талапкерлер грант тізімінде болғанымен, студенттер қатарында болмай шықты

Шымкенттегі әйгілі мейрамхана палауының ішінен шеге шықты

Талқылау