Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы 14 жастағы қызы жүкті болсын деп көңілдесіне оны зорлауға рұқсат еткен

Бедеу анасы өзінің екінші күйеуіне 10 жастағы қызын зорлауға рұқсат берген. Осылайша ол қызына бала тудырып, оны өзіне алып алмақшы болған.

Silhouette-of-a-young-girl (1)

Бұл туралы Mirror жазды.

Өгей әке әйелінің қызын 10 жасынан бастап зорлап келген.

Жасаған қылмыстарын жасыру үшін ерлі-зайыптылар ақылға қонымды хикая ойлап тапқан. Олар жасөспірім қызды кештердің бірінде оқушы жігітпен жыныстық қатынасқа түсіп, жүкті болып қалғанын жария еткен.

Алғаш рет өгей әке 1970 жылдары қыз небәрі 10 жаста болған кезде оған тиіскен. Одан кейін ер адам жас қызды ұдайы зорлайтын болған. Ақырында ол 14 жасында ұл бала дүниеге әкелді.

Зорлық құрбаны болған қыздың анасы барлық туған-туыстары мен достарына өтірік хикаясын айтқан. Осылайша ол ауыр қылмысты жасырып қалмақшы болған.

Алайда түптің түбінде шындықтың беті ашылып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Прокурор Чарльз Уорд-Джексон сотқа: «Бір уақытта әйел бедеу болып қалды. Біздіңше ол екеуі келісіп алған. Анасы бала туа алмаған соң, олар қызды зорлауға бел буған», – деді.

Алғаш рет өгей әкесі қызды сауда үйінен қайтар жолда зорлаған. Ол орта жолда көлікті тоқтатып, қыздың іш киіміне қолын салған. Жеткіншек қаламайтынын және өзіне ауыр тиіп жатқанын айтса да, қылмыскер бастаған ісін тоқтатпаған. Тіпті, бұл жайды ешкімге айтпауын бұйырып, кері жағдайда өзіне қиын болатынын ескерткен.

Арада қанша жыл өтсе де, қыз ол күні қалай қиналғанын ұмыта алар емес.

Өгей әке 75 жаста болған кезде де оның бөлмесіне еніп алып оны тағы зорлаған. Тіпті, жанындағы төсекте сіңлісінің ұйықтап жатқанына қарамаған.

Прокурор:

«Егер ол қарсылық білдірсе, қылмыскер оған не анасына соққы жұмсайтынынын айтып қорқытқан. Қыз болған жайтты еске алып: “Екеуміз жыныстық қатынасқа түскен кезде анам бәрін де еститін. Күйеуіне: «Ол қызбен не істеп жатырсың? Сен секспен менімен айналысуың керек», – дейтін. Мен қатты қиналатынмын”, – деді».

Прокурордың айтуынша, өгей әке секстен кейін өгей қызына ақша не сыйлық беріп отырған. Бұл жайт дүниеге бала келгенге дейін жалғасқан.

Уорд-Джексон алқаби мүшелеріне қыздың 1995 жылы дүниеден озғанын, оның үстінен қолданылған зорлық әрекеттерін тоқтату үшін анасының ешқандай әрекетке бармағанын жеткізді.

Алайда өгей әке әйелінің қызын зорлап келгенін және оның ұлының әкесі екенін жоққа шығарумен болды.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейде мас дәрігер дәрменсіз күйдегі науқас әйелге зорлық көрсетті

Қайтыс болған мұсылман уағызшысының артында 130 әйелі мен 203 баласы қалды

БАҚ: Канада мешітінде атыс болып бес адам қаза тапты (видео)

АҚШ-та 17 жастағы қыз жігітті зорлап тастады

Талқылау