Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оған көзім түсті": Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға арнап ән жазғанын мойындады

Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға ән арнағанлФото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal

Композитор, әнші, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев “Мәңгілік махаббат” әнін Мақпал Жүнісоваға арнап жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ән мәтінінде Мақпал Жүнісованың есімі аталмағанымен, жүрегіндегі сезім мен шабыттың иесі дәл сол кісі болғанын ашық айтты.

“Мақпал қазақтың сүйікті әншісі, өзін “Ерке Мақпалмын” деп атайды. Енді Мақпалға кім қызықпады дейсіздер, мен Мақпалдың өзіне емес, әніне қызықтым. Жамбыл облыстық филармониясының директоры болып жүрген кезде тырнақтай ғана қыз “Гүлдер” ансамблімен келді, Мақпалдың ең алғаш сахнада көрінген кезі сол болды. Шынымды айтсам, сол кездері Мақпалға көзім түсті. Менің көптеген әнімді Мақпал орындады, олардың қатарында “Сағындым Алматымды”, “Сағыныш саздары”, “Сары жайлау” әндері бар.
Ал “Мәңгілік махаббат” әнін мен Мақпалға арнап жаздым. Ол рас. Ішінде Мақпал деген сөз жоқ, бірақ көкейімнен, жүрегімнен шыққан ән болды. Мақпал оны орындап жүрді. Мақпал – біртуар талант. Оған көп дүние жарасады”, – деді ол КешREC бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жарының қазіргі жағдайы өзін қатты алаңдататынын айтқаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 12:50
Талқылау