"Оған көшу туралы сөз де болмайды": Қырғызстан президенті латын әліпбиіне көшуге қарсылық танытты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының атына қатаң ескерту жасап, латын әліпбиіне көшу туралы сөз болмауы керек екенін айтты. Президенттің айтуынша қырғыз тілі кириллицада жалғасуы керек деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рresident.kg порталына сілтеме жасап.
Президент комиссия төрағасы Қаныбек Осмоналиевті қабылдауы кезінде тіл саясатына, әсіресе қырғыз тілін латын әліпбиіне көшіруге қатысты бейқам пікір айтудан аулақ болуға шақырды.
"Бұл туралы айту әлі ерте. Мемлекеттік тілді кириллицада сауатты, тиісті деңгейде меңгермейінше, латын әліпбиіне көшу туралы сөз де болмайды. Мемлекеттік тіл кириллицада жалғасуы керек", - деді Садыр Жапаров.
Мемлекет басшысы қырғыз тілін қолдау, сақтау және дамыту керек екенін, оны барша азаматтар өз деңгейінде білуі керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ министрліктердегі, ведомстволардағы және басқа да органдардағы мемлекеттік тіл ісінің жай-күйіне баса назар аударуды талап етті.
Талқылау