Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оған арнайы телефондар керек: Қазақстанда 5G қашан енгізіледі

Сандық даму, инновация және аэроғарыш саласының вице-министрі Абылайхан Оспанов Қазақстанда 5G желісін енгізу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оған арнайы телефондар керек: Қазақстанда 5G қашан енгізіледі

«Біз Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Алматы облыстарында, Шымкентте 5G бойынша пилоттық жоба енгіздік Бұл қажет нәрсені, жеткізушілерден қандай ресурстар қажет екенін көрсетеді. Соның нәтижесінде 5G енгізіледі», - деді Абылайхан Оспанов.

Оспанов бұған тиісті телефондар қажет болатынын айтты.

«Сіз Қазақстанның 4G-ді алғаш болып енгізген елдердің бірі екенін білесіздер. Енді біз қазір 5G-ны алғашқылардың бірі ретінде бастаймыз. Оның репликациясын бастау үшін бізге 5G-ді қолдайтын телефондар қажет», - деді Абылайхан Оспанов.

Талқылау