"Жұмысқа кіріскенде ғана ұмытамын": Жанна Уразбахова марқұм анасы туралы айтты
Күйеуінің соққысынан көз жұмған Салтанат Нүкенованың құқығын қорғаған адвокат Жанна Уразбахова алғаш рет қандай отбасында дүниеге келгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
"Мамский әңгіме" youtube-арнасына берген сұхбатында марқұм анасын есіне алды.
“Әлі күнге дейін анам туралы айту қиын. Жанымды ауыртады. Анам желтоқсан айында дүниеден өтті. Анам кеткелі көп уақыт болған жоқ. Қайғырып жүргенім рас. Жұмысқа кіріскенде ғана ұмытамын. Кейде дұрыс қайғырып жүрмін бе деп те ойлаймын. Сол үшін де анам туралы айтуға қиналамын. Менен "үлгі тұтарың кім, кімге еліктеп өстің" десе, "анама" деп жауап берер едім. Себебі оның бойында қаншама талант болды. Ең керемет әйел болды деп айтар едім. Ізденгенді, оқығанды қатты жақсы көретін. Тіпті отаға кірейін деп жатқан соңғы сәтінде де кітап оқыды. Сосын оқығанын, білгенін үнемі менімен бөлісетін. Телефон соғып хабарласып, "білесің бе" деп бәрін айтып беретін", – деді құқық қорғаушы.
Сонымен қатар адвокат ата-анасының ажырасып кеткенін айтып, анасы жалғыз өзі тәрбиелеген.
“Анам жалғызбасты әйел болды. Мені жалғыз тәрбиеледі. Әкем екеуі ажырасып кеткен еді. Бірақ кішкентай күнімде әкем туралы көп сұрадым. “Неге ажырасып кеттіңдер, неге шыдамадың?” деп сұрайтын едім. Қазір сол қылығымның дұрыс емес екенін білемін. Отбасы толық болғанымен бақытсыз болса, оны толыққанды деп айтпас едім. Анамды жерлегеннен кейін жылы үйге келгенде, ең жақын адамыңды құшақтай алмаған қиын екен. Оның суық жерде жатқанын, бірақ жылыта алмайтыным есіме түскенде өте қорқынышты болды. Сенен ешкім ештеңе сұрамайды және сенің қолыңнан ештеңе келмейді. Соны сезіну ауыр болды", – деді Жанна.
Еске салайық, зардап шегушінің қорғаушысы Жанна Уразбахова Нүкенованың өлімінің себебі жариялаған сот-медициналық сараптаманың қорытындысын оқығаны туралы жазған едік.