Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиардер өз ауылының тұрғындарына 70 мың доллардан ақша таратты

Booyoung Group төрағасы Ли Чжун Кын өзі туып-өскен ауылындағы 280 үйдің әрқайсысына шамамен 70 мың доллардан ақша таратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

82 жастағы миллиардер сонымен қатар сыйлықтар, тарихи кітаптар мен құралдарды сыйға тартты. Қайырымдылықтың жалпы сомасы ақшалай төлемдерді қоса алғанда шамамен 180 миллион долларға бағаланады.

Ли қайырымдылық арқылы өзіне назар аудартуды жоспарламаған. Оның басты мақсаты – жылдар бойы туған қаласын қорғауға және сақтауға атсалысқан барша ауыл тұрғындарына алғысын білдіру болыпты. Ли және оның компаниясы Камбоджада, Вьетнамда және Лаоста қайырымдылық шараларын ұйфмдастырған.

Ли өзінің мансабын 1970 жылдары жылжымайтын мүлік салушы ретінде бастады. Ол Кореядағы пәтер жалдау саласында жұмыс істеуді бастаған алғашқылардың бірі болып саналады. Booyoung компаниясының бизнесі кейінірек қонақүйлер мен гольф алаңдарын қоса алғанда, басқа салаларға да кеңейіп, 16 миллиард доллар активтерімен Кореядағы 22-ші ірі конгломератқа айналды.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 04 Шілде, 2023 21:14
Талқылау