Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорктегі қазақ полицей есірткі баронын құрықтағаны үшін марапатталды

Нью-Йорк қаласында полицей қызметін атқарып жүрген қазақ жігіт Димаш Ниязов есірткі баронын ұстағаны үшін арнайы марапатталды.

18765579_1320183684744567_8505051267565417134_n

Бұл туралы Шымкент қаласындағы жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірxан желідегі парақшасында жазды.

«Нью-йорк қаласында менің əріптесім Димаш Ниязов туралы тағы айта бастады. Өйткені Қазақстанның тумасы арнайы наградамен марапатталды. Оған өз қызметін абыроймен атқарғаны үшін арнайы жетон табысталды. Димаш есірткі баронын құрықтап, Бруклин аумағында қылмыстың төмендеуіне қомақты үлес қосты.  Байқасаңыздар, жетонда Америка Құрама Штаттарының туы бар. Ал төменгі жағында Қазақстанның байрағы бейнеленген», – деп жазды Димаштың қазақстандық әріптесі.

Данияр Мейірxан өз әріптесін құттықтай келе, құқық қорғау органдарында басшылық пен қызметкерлер арасындағы қазіргі қарым-қатынас проблемасын көтеріп, белсенді қызметкерлерге қатысты теріс псиxологиядан, ескі менталитеттен арылу қажеттігі жайында ой қозғайды. «Әлемнің қай мемлекеті болса да, погон таққан адам үшін оның еңбегін бағалайтын басшылықтың болғаны маңызды. Өкінішке қарай, біздің жүйемізде басқаша. Қатардағы қызметкерлер көп жағдайда марапаттаусыз қалып жатады. Тіпті, басшылықтың алғыс сөзін де естімейді. Алайда дәл сол қарапайым қызметкерлердің күн-түн демей, жұмыс істеп жүргенін ұмытпау қажет. Әйтпесе, басшылар нағыз еңбекқор қызметкерлерді мансапқұмар дейді де, олардың жұмыс сапасын көтеруге деген әрекеттерін теріс қабылдайды», – дейді Мейірxан.

Димаш Ниязов Шымкент қаласында өмірге келген. 13 жасында АҚШ-қа көшіп кетіп, үш жылдан бері NYPD (New York City Police Department) – Нью-Йорк қаласының полиция департаментінде қызмет етуде. Шетелде жүрген қазақ полицей 2017 жылдың басында үздік полицей ретінде танылған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте туып Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді

БҚО тұрғыны өзі тұрған үйді бар дүниесімен мешітке тарту етті

20 жасында Apple компаниясына шақырту алған қазақ жігітінің қайғылы тағдыры

Талқылау