Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте ХАМАС қозғалысын жақтағандар шеруге шығып, соңы қақтығысқа ұласты

Нью-Йоркте палестиналық исламшыл ХАМАС қозғалысын қолдағандар Тайм-скверге шығып, наразылық танытты. Нәтижесінде қақтығыстар басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі mignews.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет mignews.com порталынан

Наразылыққа шыққандар Палестина туын желбіретіп, қолдау сөздерін айтты.

"Өзеннен теңізге дейін Палестина азат болады", – деп қайталады жиналғандар.

Ал Израилді жақтаған демонстранттар көшенің арғы бетіне жиналып, Израильдің әнұранын шырқады. Олар да елдің символдарын көтеріп, "Ұят", "Кісі өлтірушілер" деп айғайлады.

Бұл аймақтағы шиеленіс минут сайын күшейіп, екі жақтағы наразылық білдірушілер бір-біріне қорлайтын сөздер айта бастаған.

Осыдан кейін қақтығыстар басталды. Дегенмен полиция оларды дер кезінде ажыратты.
Нью-Йорк губернаторы Кэти Хочул митингті айыптады.

Еске салсақ, 7 қазанда Израильде төтенше жағдай жарияланды. Қазақстан Республикасының Тель-Авивтегі Елшілігі қазақстандықтарға барлық сақтық шараларын сақтауға шақырды. Палестина-Израиль жанжалына қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де пікір білдірді.

Израильде музыкалық фестиваль өтіп жатқан жерден ондаған келушілердің оққа ұшқан мәйіттері табылған. Желіде ХАМАС содырларының қыздың денесін жалаңаштап, оны мазақ қылып, аяқ астына қойып қойған видеосы тарағанын хабарлаған едік.

Талқылау