Нью-Йоркте атыс болып, 13 адам жараланды
Нью-Йорктегі Бруклин станциясында атыс болып, кемінде 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС cілтеме жасап.
Жергілікті полицияның мәліметінше, атыс сол жердің уақытымен сағат 08:30 шамасында болған. Агенттік метро станциясында жараланған адамдардың суреттерін жариялады.
Атыс жасаған күдікті қашып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Талқылау
Пікір