Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Танымал әнші Нұржан Қалжан хайп қумайтындығын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының "ОПМАЙ-ОПМАЙ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әнші әкесінің кішкентай күнінен бастап жаман атты болмауға тәрбиелегенін айтып қалды.

"Шынымды айтсам ондай ойым жоқ. Бұл біздің табиғатымызға, жанрымызға келмейді деп ойлаймын. Баяғыда әкем хайп, ол кездегі қара пиарға жолаушы болма деп айтып отырушы еді. Бала күнімнен соны айтып өсірген ғой. Сондықтан мен мұндайға жоқпын. Бұдан гөрі қазақтың қарапайым әндерін айтып халықтың көңіліне жеткізе алсақ, бұл бізге бақыт болмақ", - деді әнші. 

Бұған қоса ол басқа әншілердің хайп қуалаушылығын түсінбейтіндігін қосты.

"Хайп жасап, біреумен төбелесіп, жаға жыртысып, жер өртеп атымды шығармай-ақ қойдым. Шығарсам өзімнің әндеріммен және мінезіммен шығарамын деп ойлаймын",  - деп қосты әнші. 

Бұған дейін Нұржан Қалжан өзегін өртеген өкінішін айтқан еді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Желтоқсан, 2019 17:59
Талқылау