Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы: Шымкентте туды түсіріп жатқанда партия қайда қарап отырды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттегі Nur Otan туына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттегі партияның туымен болған оқиғаға қатысты пікірін білдірді

Партия басшысы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, Nur Otan белсенділері туралы әңгіме қозғады. Әр партия мүшесінің бойында жанашырлық сезімі болуы керек дейді ол. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев партиядағы белсенділік туралы сөз етті. 

"Бүгін Nur Otan белсенді мүшелерді барынша шоғырландырып отыр. Оларды "ядролық" деп атайды. Бұны барлығы түсіне бермейді. "Ядролық" белсенді деп үйде қол қусырып отыра алмайын адамдарды айтады. Біздің партияда 800  мың адам бар. Олардың ең белсендісі қайсысы? Шымкентте партияның туын жыртып жатыр. Орталық ғимараттың алдында туды жыртып жатқан кезде, ешкім ештеңе деместен отыра берді. Міне жанашырлық осындайда байқалады. Біз биліктің партиясымыз", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Шымкенттегі партияның туын Ниязбек Ерлан есімді азамат Арыстағы оқиға уақытында жыртып тастаған. Артынша жас жігіт халықтан кешірім сұрап, туды қайта көтерді.

Талқылау