Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсейіт Жылқышыбай: Жанат Бақыт, құрбандық кезінде осындай әрекетіңізге арланбайсыз ба?

Нұрсейіт есімді журналист қазіргі онлайн-құрбандық пен қайырымдылық жасаушыларды сынға алды. Бұл ретте кәсіпкер, тележүргізуші Жанат Бақытқа да реніші бар. Сол секілді жасаған амалынан пайда тауып, одан өзіне жарнама жасайтындарға ашулы. 

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасыда айтылды. 

Нұрсейіт Жылқышыбай аталған бағдарламада блогер, журналист Дәулет Төлеутайұлын жерден алып, жерге салды. Ол секілді кәсіпкерлердің халық атынан танылып жатқанына наразы болды. Сонымен қатар Жанат Бақытқа ашуын жеткізді. 

"Жанат Бақыт, сіз кәсіпкерсіз. Малыңыз көп. Әйел адамсыз. Қой сатып, құрбандық кезінде ақша табудан, пайда табудан арланбайсыз ба? Ұят емес пе сіз үшін? Қазақстанға көлік ойнату деген нәрсені де сіз әкеліп едіңіз. Маркетингтік жоспарыңыз керемет. Ол үшін ұялмайсыз ба?", - деп тікелей сұрақ қойды. 

Жанат Бақыт үшін бұл кіріс көзі. Бұл адалынан жасалған амал. Кәсіп әрі халық үшін жеңілдік ретіндегі сауда. 

"Мен не үшін ұялуым керек? Мен емес күйеуімнің саудасы. Өзіміз бағып отырған малды сатып отырмыз. Халыққа қолжетімді бағада сатып отырмыз. Пандемия кезінде қарапайым аспириннің бағасы қанша есе өсіп кетті. Қымыздың бағасы өсіп кетті. Керек дегеннің бәрінің бағасы шарықтап шыға келді. Осы ретте құрбандыққа шалынатын мал бағасы да өсіп кететінін ескере келе, орташа бағада мал сатуды қолға алдық. Бұл қайырымдылық емес, бұл кәсіп. Әркім өз білгенінше ақша табады. Мықты болсаң өзің неге қолға алмадың?", - деді Жанат Бақыт. 

Нұрсейіт Жылқышыбай онлайн-құрбандық жасағанша бір жылға құрбандық шалуды доғара тұру керек еді деген ойын айтты.

"Айтты да, жұма намазды да тоқтатты емес пе? Құрбандықты неге тоқтата тұрмады? Бұл ақша жасаудың айласы ма? Базарларда адам деген қаптап жүр. Вирус соларға жұқпай, құрбандық шалатын адамдарға ғана жұға ма", - деді ол.

"Үлкен даулы тақырып көтерілді. Тұтанды, сосын өртенді! Бағдарлама бізді татуластырмады, өш қылды. Бастысы бабалар ұстанған жолды ұмытып, Арабтың құлы болмайықшы, достар!", - де жазды журналист парақшасында.

Журналист Ардақ Байғабыл да онлайн-құрбандықтық шалу жоспарының кейбір келеңсіз тұстарына қарсы шықты.

"Құрбандықты мұсылман дінінде тірі адамға арнап шалады. Өлген адамға шалмайды. Бұл Алланың ризалығын алу үшін берілетін сауапты іс. Адам мен Алланың арасындағы байланыс болғандықтан құрбан еткен малды адамның өзі атап, өзі сойып, өзінің көз алдында жасалғаны дұрыс. Мен мәселен өз үйімде қой сойып, құрбан шалсам, оның не ерсілігі бар? Менің ауламда қой соям ба, басқа істеймін бе, кімнің не шаруасы бар?", - деді ол. 

Діни басқарма өкілі мен СЭС өкілдері қазіргі онлайн құрбандықтың негізгі мақсаты - ауруды жұқтырмаудың амалын жасау. Аурудың алдын алу. Онлайн тапсырып беру арқылы, жеңілдік беру. Санитарық тазалықты сақтау екенін айтты. 

"Тапсырыс берушіге жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріледі. Ең бастысы, пандемия кезінде үйден шықпауға, адамдармен байланыс жасамауға және интернетте құрбандық шалуға мүмкіндік беріледі", - деп хабарлады мұсылмандар діни басқармасы. 

Талқылау