Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Сабуровтың Ресейге қайтып оралу шарттары белгілі болды

Мәскеудегі құқық қорғау орталығының басшысы, адвокат Александр Хаминский стендапер Нұрлан Сабуров Ресей саясатына қатысты ұстанымын өзгертсе, Ресейге кіруге салынған тыйым алынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әзілкештің Ресейге кіруіне тыйым салу туралы шешімге Сабуровтың Ресейдің Украинаға қарсы соғысын жария түрде сынға алуы, "Ресейге қарсы мәлімдемелері және иммиграция мен салық заңдарын жүйелі түрде бұзуы" себеп болды.

“Сабуровтың әкімшілік сот ісін қозғауына және Ресейге кіруге тыйым салуына ешкім кедергі келтірмейді. Дегенмен бұл жағдайда ол тыйым негіздері жойылғанын немесе бастапқыда болмағанын дәлелдеуі керек. Ресей саясатына қатысты ұстанымын жария түрде өзгертіп, содан кейін құзыретті органдарға тыйым салуды алып тастау немесе оның мерзімін қысқарту туралы өтініш беру – ең тиімді шешім", – деді адвокат.

Алайда Сабуровтың елге кіруіне тыйым салу оның азаматтық құқықтарынан айырылғанын білдірмейді дейді. Мысалы, ол Мәскеу облысындағы коттеджін оңай сата алады. Ол шетелдік агенттер тізіміне енгізілмеді.

Адвокат Евгения Сабитова Сабуров есептерді тапсырып, салықтарды уақытында төлесе, Ресейде бизнесін жалғастыра алатынын қосты.

"Жеке тұлғаның Ресей Федерациясына кіруіне тыйым салу салық органдарын жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны жабуға автоматты түрде міндеттемейді", – деді ол.

Адвокат тыйымға қарамастан, Сабуров Ресейде әлі де мүлікке ие бола алатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарағаны хабарланған еді.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 07 Ақпан, 2026 19:43