Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Сабуров Ресейде элиталық жылжымайтын мүлік пен люкс автокөліктерге иелік етеді – БАҚ

видеодан скрин

Ресейдің көші-қон заңнамасын бұзған Нұрлан Сабуров Мәскеу маңында коттедж бен жер учаскесіне иелік етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 

SHOT телеграм арнасының мәліметіне сәйкес, шоумен Мәскеу облысындағы "Новорижский" тұрғын-үй кешенінен жер учаскесін сатып алып, ол жерге премиум-класстағы коттедж салдырған. Ол 1 285  шаршы метрден астам аумақты өз атына рәсімдеген. Жердің сатып алынған кездегі бағасы 12,2 миллион рубльге (шамамен 77,5 миллион теңгеден астам) бағаланған. Дереккөздің бағалауынша, учаскенің ішінде орналасқан заманауи коттедждің нарықтағы құны, шамамен 115 миллион рубльге (592 миллион теңге) тең. Үй Мәскеу облысының беделді ауданындағы қоршалған тұрғын үй кешенінде орналасқан. Сабуров сол жерде әйелі және үш баласымен тұрады. Олардың жеке күзеті бар. 

видеодан скрин

видеодан скрин

Жылжымайтын мүлікпен қатар, Сабуров екі люкс санатындағы автокөлікке де ие: ерекше SBR нөмірімен көзге түсетін 2018 жылғы Gelandwagen көлігі — шамамен 20 миллион рубль (шамамен 103 миллион теңге), ал 2021 жылғы Cadillac Escalade бағасы — шамамен 11 миллион рубль (шамамен 56,5 миллион теңге).

Айта кетсек, Нұрлан Сабуров 19 мамырда Шереметьево әуежайында ұсталды. Оны гастрольден қайтқанында Самара әуежайында рейске тіркелген кезде ұстау жоспарланған. Бірақ соңында қызметкерлер оны Мәскеуде күтіп алуды шешкен. Полицейлер Нұрланды келу залында күтіп, оның көші-қон заңнамасын бұзғанын айтты. Оның рұқсат етілген 90 күндік мерзімі өтіп, елде 114 күн болған.

Комик айыппұлмен шектелді. Оған Ресейден шығуға және көші-қон заңнамасының барлық ережелері бойынша қайта кіруге екі апта берілді. Бұл мерзім маусым басында аяқталады.

STAN.KZ
Жексенбі, 25 Мамыр, 2025 09:50
Талқылау