Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нұрлан Сабуров Қазақстандағы жерлестерін қолдады": Степногорск билігі наразылықтардан кейін зауыт салудан бас тартты

Степногорск тұрғындары улы заттарды қайта өңдеу зауытының құрылысына қарсы шығып, Нұрлан Сабуровқа қолдау сұрады. Белгілі әзілкеш олардың үндеуіне назар аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сабуров өзінің Instagram парақшасында "Біз Степногорск улы заттарды қайта өңдеу зауытына қарсымыз" деген жазуы бар сториз жариялады.

Әзілкеш ел президентін, зауыт салғысы келетін компанияны, Степногорск әкімдігі мен Нұр-Отан партиясын белгілеген.

Кейін Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімдігі полихлорланған дифенил қалдықтары зауытын салудан бас тартқаны белгілі болды. Бұл жоба табиғат қорғау заңнамасы мен халықтың пікіріне қайшы келеді, деп хабарлайды әкімдік сайты.

"Алдын ала сараптамалық бағалау бойынша полихлорланған дифенил қалдықтарды залалсыздандыру және термиялық жою жөніндегі кешенді салу кезінде қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасына сәйкессіздіктер анықталды: жергілікті жерді гидрогеологиялық, геологиялық, топырақтық зерттеу, объектінің әскери бөлімге жақындығы, "жел бағыты" зерттеулерінің болмауы ескерілмеген. Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ халықтың пікірін ескере отырып, Степногорск қаласында бұл жобаны жүзеге асырудан бас тартылады", - делінген хабарламада.

Талқылау