Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы хоккей дамуына бөлген ақшаны жымқырды деп айыпталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика органдарының сайтында жарияланды. Іздеу ісі 2025 жылдың 3 наурызында Астанада тіркелген. 

Ашық дереккөздерге сәйкес, Арғын Нығматулин — бұрынғы мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы.

"Бас прокуратура Қарағанды облысындағы хоккей спортының дамуына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Ниғматулин А.З. және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуде. Тергеу барысында Нығматулин А.З. күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады. Оның Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына байланысты іздеуге жарияланды", – делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Арғын Нығматулин 1955 жылдың 28 маусымында дүниеге келген. 2007 жылдың сәуірінен 2018 жылға дейін "Сарыарқа" хоккей клубының директоры қызметін атқарған. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болған.

Еске салсақ, бұған дейін экс-депутат Ерлан Нығматулин тиесілі ферроқорытпа зауытындағы жұмысшылардың өліміне қатысты іс бойынша, қайғылы оқиғадан алты айдан астам уақыт өтсе де, күдіктілер әлі анықталмағаны туралы жазған едік. 

Талқылау