Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан имам сәресіде және ауызашарда дәрет алудың дұрыс-бұрысын айтты

Нұрлан имам ораза ұстаған адамның сәресіде және ауызашар уақытында міндетті түрде дәрет алу керек деген мәселеге пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Имам бұл мәселенің дұрыс не бұрысын әлеуметтік парақшасында түсіндірді. Ол бүгінде ел арасында ауызашар уақытта немесе сәресіде дәрет алу керек деген сөз барын еске сала, оның нақты міндетті емесіне тоқталған. 

“Ораза ұстаған адам сәресіде және ауыз ашатын кезде дәретті болуы керек деген ел ішінде сөз бар. Кей адамдар намаз оқымаса да, ауызашар уақытында дәрет алып қана ауыз ашып жүр. Бірақ ондай бұйрық жоқ. Дәрет бар болса да, жоқ болса да, ауызды бекіте де, аша да бересіз”, – дейді ол бейнежазбада. 

Сонымен қатар, имам құбылаға бет бұрып, отырып немесе тұрып дұға жасау, суды тұрып ішу әдетке айналып бара жатқанына да тоқталды әрі бұл да шарт емес дейді. Азаматтарға “өз ыңғайыңызға қарай дұғаңызды жасай беріңіз дер едім” деп қорытындылайды сөзін.

Талқылау